Проблемалық нысандар Nur Otan мен мәслихат депутаттарының бақылауында болады

5 Қыркүйек 2019, 14:18
1791
Бөлісу:
Проблемалық нысандар Nur Otan мен мәслихат депутаттарының бақылауында болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таңғы аралау кезінде елорда әкімі Алтай Көлгінов үлестік құрылыс нысандарын қайта аралады. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Столичный-2 " тұрғын үй кешенінде қасбетті нығайту жұмыстары басталып, құрылысты жаңғыртуға рұқсат құжаттары алынды. Инженерлік желілерге қосу жобасы әзірленуде. Нысан екі мұнарадан тұрады, құрылыс салушы жылдың соңына дейін алғашқы үлескерлерге пәтерлерін пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Қала әкімі ғимаратты тезірек пайдалануға беру үшін құрылыс қарқынын жеделдету қажет екенін атап өтті.

Тағы бір нысан "Femida" тұрғын үй кешінінде болды, үлескерлер саны - 170 адам. Мұнда шатырды нығайту, ішкі әрлеу және терезелерді орнату жұмыстары жүргізілуде.

"Жұмыс айтарлықтай жүріп жатыр. Біз құжаттамамен көмектесеміз, аумақтарда құрылыс қарқынын арттыру қажет. Суық басталғанша терезелерді орнатып алу керек. Терезелер орнатылғаннан кейін ішкі жөндеу жұмыстарымен айналысуға болады. Үлестік құрылыстың проблемалық нысандарының құрылыс жұмыстарының барысы Nur Otan партиясының қалалық филиалы мен мәслихат депутаттарының бақылауында болады", - деді Алтай Көлгінов.

Қалада барлығы 51 құрылысы аяқталмаған объект бар. ТК құрылысын бақылау үшін елорда әкімі обьектілерді қайта аралауда. 
Өзгелердің жаңалығы