Багам аралдарындағы Дориан дауылы 20 адамның өмірін қиды

5 Қыркүйек 2019, 09:31
1404
Бөлісу:
Багам аралдарындағы Дориан дауылы 20 адамның өмірін қиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жойқын дауылдан зардап шеккендер қатары өсіп келеді. Үйінділерді аршу жұмыстары жалғасуда.

5 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Дориан дауылының салдарынан 20 адам қайтыс болды, деп хабарлады Miami Herald елдің денсаулық сақтау министріне сілтеме жасап. Газеттің мәліметінше қайтыс болғандар қатары үйінділерді аршыған сайын өсіп келеді. Бұған дейін жеті адам қайтыс болғаны туралы хабарланған еді. 
 
Естеріңізге сала кетейік 2 қыркүйекте Дориан дауылы Багам аралдарының солтүстігіне келіп жеткен. Қатты жел үйлердің шатырын ұшырып, ағаштарды жұлып әкетті. Нөсер жауын салдарынан жолдар мен тұрғын үйлер су астында қалды. Келесі күні жойқын дауылдың қарқыны басылды.
Өзгелердің жаңалығы