Жапонияда пойыз бен жүк көлігі соқтығысып, 30 адам зардап шекті

5 Қыркүйек 2019, 12:44
1873
Бөлісу:
Жапонияда пойыз бен жүк көлігі соқтығысып, 30 адам зардап шекті

Алматы, BAQ.KZ. Жапонияның Иокогама қаласында пойызбен жүк көлігі соғылысып, 30 адам зардап шекті. Бұл туралы NHK телеарнасы хабарлады.

Оқыс оқиға Канагава-Шиммачи және Накакидо станциялары арасында орын алған.

Куәгерлердің айтуынша, қатты соққыдан пойыз релстен шығып кеткен, ал жүк көлігі өртке оранған. Желіде оқиға куәгерлері түсірген бейне жазбалар тарап кетті, онда жолаушылар пойыздан жылдам шығып кетуге тырысып жатқанын байқауға болады.

Төтенше жағдай орын алған жерде шұғыл қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Өзгелердің жаңалығы