Қыркүйекте ауа райы қандай болады?

5 Қыркүйек 2019, 11:30
4578
Бөлісу:
Қыркүйекте ауа райы қандай болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК қыркүйек айына арналған ауа райына болжам жасады.

Арктикалық ауа массаларының белсенді енуіне байланысты айдың басында еліміздің орталық және солтүстік-батыс бөлігінде бұлтты, жаңбырлы және желді ауа райы болады. 

Түнде 1...6 градус жылы болады, кей жерлерде -3 градусқа дейін үсік болуы ықтимал, күндіз температура 7...15 гардус жылы болады, батыста және орталықта 22 градусқа дейін жылы болады.

Сондай-ақ, еліміздің шығыс және оңтүстік бөлігінде қыркүйек айының басы жаңбырлы болады және температура аздап төмендейді. Түнгі мезгілде 7...12 градус жылы болса, күндіз 18...25 градус ыстық болмақ. Қыркүйек айының басым күндерінде жылы және күн райы ашық болады деп болжанып отыр. Күндізгі уақытта ауа 25...33 градусқа дейін ысиды.

Ұзақ мерзімдік болжамға сәйкес, айдың ортасы мен үшінші онкүндігінде еліміздің солтүстік бөлігіндегі жауын-шашынды болып (жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін), түнгі уақытта үсік жүруі ықтимал. Қалған күндерде ауа температурасы күндіз 15...25 градус жылыны көрсетеді.

Нәтижесінде Қазақстан территориясының басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы климаттық нормаға жуық, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде 1°С нормадан жоғары, Солтүстік-Қазақстан және Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде 1°С нормадан төмен болмақ.

Территорияның басым бөлігінде климаттық нормаға жуық, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында және Алматы облысының басым бөлігінде нормадан аз айлық жауын-шашынның мөлшері түседі.

Қыркүйек айына арналған болжамының ықтималдығы 20-80% құрайды.



Өзгелердің жаңалығы