Өскеменде физика-математика бағытындағы мектеп-интернат ашылады

5 Қыркүйек 2019, 02:33
2785
Бөлісу:
Өскеменде физика-математика бағытындағы мектеп-интернат ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған алғашқы Жолдауында айтылған міндеттер мен тапсырмаларды талқылауға арналған облыстық актив отырысы өтті, деп жазады altaynews.kz.  

Жиында өңір басшысы Даниал Ахметов физика-математика мектебін ашу керегін айтты. 

"Облыс орталығында мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатын ашу керек. Бұл білім ошағында аймақтағы қала, ауылдардан келетін оқушыларды есептегенде, барлығы 320-дай орын болуы тиіс", – деп тапсырма берді Даниал Ахметов.

Өзгелердің жаңалығы