Қызылордалық зияткерлер білім рейтингісінде алғашқы ондыққа енді

5 Қыркүйек 2019, 21:12
1525
Бөлісу:
Қызылордалық зияткерлер білім рейтингісінде алғашқы ондыққа енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушыларын қорытынды аттестаттау нәтижесі бойынша қызылордалық зияткерлер информатика және қазіргі әлемдегі Қазақстан пәндері бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, 20 зияткерлік мектептер арасында көш бастап тұр. Ал бітіруші сынып оқушыларын сыртқы суммативті бағалау қорытындысы бойынша мектеп білім рейтінгісінде алтыншы орынға шықты. Бұл туралы kyzylorda-news.kz сайтында хабарланды.

Педагогикалық кеңесте мұғалімдер сыртқы суммативті бағалау қорытындысына сараптама жүргізіп, жаңа жылда білім көрсеткіштерін арттыру бағытындағы жұмыстарын айқындап алды.

Педагогикалық кеңестің күн тәртібіне сәйкес қаралған екінші мәселе бойынша мектеп директоры Бахыт Жұматай сөз алып, 2019-2020 оқу жылына арналған зияткерлік мектептің даму жоспарымен таныстырды. Тоғыз бағытты қамтитын негізгі басымдықтар көрсетілген құжатты   мұғалімдер бірлесе талқылап, өз ұсыныстарын жеткізді.   

Үшінші кезекте математика пәнінің мұғалімі Мұхтар Бегайдаров пәндерді оқытудың сапасын арттыруда онлайн-платформалардың тиімділігі туралы айтып, өзі құрастырған «nismath.org» қазақша математика сайтын таныстырды. Бұл платформада мұғалімдер мен оқушыларға арналған курстар, бейнесабақтар, онлайн тесттер, әдістемелік кешендер мен оқулықтар және сабақта қажетті қосымшалар жүктелген.

Айта кету керек, қорытынды емтихан нәтижесі бойынша Мұхтар Бегайдаровтың оқушылары жоғары білім сапасын көрсетіп, рейтинг жүйесінде жиырма зияткерлік мектептер арасында бірінші орынға шықты.

Өзгелердің жаңалығы