Бельгияда жарылыстан бірнеше үй қирады

5 Қыркүйек 2019, 04:51
1408
Бөлісу:
Бельгияда жарылыстан бірнеше үй қирады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бельгияның Антверпен қаласының шеткі ауданында жарылыс болып, бірнеше үй қирап қалды, деп хабарлайды 24.kz.

Құтқарушылар үйінділер астынан үш адамды аман-есен алып шықты. Тағы бір тұрғын іздестіріліп жатыр. Жақын маңдағы мектептен оқушылар эвакуацияанған.

Әзірге жарылыстың неден болған белгісіз. Кей куәгерлер төтенше жағдай кезінде ғимаратта құрылыс жұмыстары жүріп жатқанын айтады. Қазір оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп, жарылыстың себептері анықталуда.



Өзгелердің жаңалығы