ШҚО-да 1 451 көпбалалы отбасы баспана кезегінде тұр

5 Қыркүйек 2019, 15:59
1911
Бөлісу:
 ШҚО-да 1 451 көпбалалы отбасы баспана кезегінде тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да 1 451 көпбалалы отбасы баспана кезегінде тұр. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету екі бағытта жүзеге асырылады. Біріншісі, 2%-дық несиемен үй беру (бастапқы жарна үй құнының 10%-ы); екіншісі, әлеуметтік жағдаймен жалға беру арқылы.

«Қазіргі уақытта 364 шаңырақ үй алды. Ал кезекте 1 451 отбасы тұр», - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Айтуынша, алдағы үш жылда барлығы баспанаға қол жткізеді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сенсек, жалға берілетін үйлер саны биыл – 190 болса, 2020 жылы – 532, 2021 жылы – 729-ға жетеді.

Өзгелердің жаңалығы