Все новости за 11 наурыз 2022
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Елбасы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Анталья дипломатиялық форумына қатысты. Мемлекеттер мен үкіметтер басшылары, саясаткерлер, дипломаттар, бизнес көшбасшылары, ғалымдар мен сарапшылар қатысқан жиында кең ауқымды мәселелер, соның ішінде «Дипломатияны қайта құру» деген жалпыға ортақ тақырып талқыланды, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.
-
Ресейге қарсы санкциялар: Қазақстан АҚШ-пен консультация өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен АҚШ-тың Ресейге қарсы санкцияларының Қазақстан экономикасына теріс әсерін азайту үшін санкциялар мәселелері бойынша қазақстандық-америкалық онлайн консультациялары өтті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
-
Бірнеше өңірде республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің бірнеше облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі.
-
Оралда 400 миллион теңге жымқырған екі шенеунік сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда 399 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.
-
Сарқанда балаларды оңалту орталығы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарқан қаласында 40 балаға арналған «Сенім» оңалту орталығы ашылды. Бұл Жетісу жерінде ашылып отырған 11-ші орталық, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Жансель Дениз таеквондодан Азия федерациясы президентінің кубогін иеленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық таеквондошылар Азия федерациясы президентінің кубогын сәтті бастады, деп хабарлайды Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.
-
ШҚО-да заңсыз қару сақтаған 50-ден астам тұрғын анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қару-жарақтың заңсыз айналымы туралы ақпаратты ШҚО полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі хабарлады.
-
Қазақстан әскерінің жауынгерлік даярлық бағдарламасына өзгерістер енгізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Қарулы күштерінде роталар мен батареяларды жауынгерлік үйлестіру кезеңі басталды.
-
Қазақстандықтарға Egov-тің мобильді қосымшасының жаңа нұсқасы қолжетімді болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Egov mobile мобильдік қосымшасын пайдаланушыларына жаңартылған интерфейс, жеке тұлғаларға арналған Е-license қызметтері, кері байланыстың ыңғайлы түрі қолжетімді болды.
-
Биыл Түркістанда 848,4 мың гектар жерге көкөніс пен дақылдар егіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселелері қаралды. Жиында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев те баяндама жасады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Смайылов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес (ИАЖК) отырысында климаттық пакті бойынша міндеттемелерді қаржыландыру және «жасыл күн тәртібін» ілгерілетудегі Қазақстанның халықаралық ұстанымдарын одан әрі нығайту мәселелері қаралды.
-
Қарағандыда мас такси жүргізушісі 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда мас такси жүргізушісі жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлады Polisia.kz.
-
COVID-19. Шектеулерді алып тастау бойынша бірқатар шешім қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
-
Алматы облысында «Нұрлы жер» бағдараламасымен салынған 50 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы Сарқан ауданында 50 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы «Jetisý Media» ақпараттық алаңы хабарлады.
-
Назарбаев ADF2022 форумына қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев ADF2022 форумына қатысты.
-
Түркістан облысында браконьерлерден 125 келіден астам балық тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында браконьерлерден 125 келіден астам балық тәркіленді, деп хабарлады Polisia.kz.
-
АШМ көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруды 2 есеге көбейтуді жоспарлап отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірқатар бұқаралық ақпарат құралы қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты фермерлердің көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге дайын еместігі туралы ақпарат жарияланды.
-
Тараз полициясы дүкенді тонаған тағы бес бүлікшіні ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бес адамнан тұратын топты анықтап, ұстады.
-
Энергетика министрлігі электр энергиясы секторындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Энергетика министрлігі электр энергиясын беру секторындағы қазіргі жағдайға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды.
-
Қарадала жерінде сағатына 4 тонна алма мен өрік өңдейтін зауыт жұмыс істеп тұр
Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Шу станциясында есірткі тасымалдаушы ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шу станциясы теміржол вокзалының перронында Қарағанды облысына есірткі тасымалдамақшы болған Алматы облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Павлодар облысында қызыл судан қауіп жоқ - мамандар
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде көктемгі су тасқынына дайындық штаттық деңгейде жүруде. Қыста түскен қар мен көрші облыстағы су қоймаларында су деңгейі былтырғыдан төмен.
-
Атырауда автокөлік жолдарын жаңбыр суы басты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда автокөлік жолдарын жаңбыр суы басты, деп хабарлады ҚазАқпарат.
-
Қазақстанда азық-түлік тапшылығы болуы мүмкін бе? – Сарапшы пікірі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сауда және интеграция министрлігі елімізде негізгі азық-түлік тауарларының қорлары жасалғанын мәлімдеді. Осы ретте елімізде азық-түлік саласында ахуал қандай, тауарға тапшылық болуы мүмкін бе?
-
Елордалық «Есіл» ауданының әкімі әскери бөлімде болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық «Есіл» ауданының әкімі Асылбек Есенбаев іс-сапармын Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімде болды, деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланнның баспасөз қызметі.
-
Мемлекет басшысы Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Халықаралық Түркі академиясының атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары туралы баяндалды.
-
Қазақстанда алтын қоры азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы LS сараптама агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды 24.kz.
-
Халықаралық математика олимпиадасында 46 оқушы жүлдегер атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ХХІ халықаралық «Жібек жолы» математикалық олимпиадасында қазақстандық 46 оқушы жүлдегер атанды. Олар халықаралық IMO олимпиадасына қатысу үшін ҚР ұлттық құрамасына кіру мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлады ҚР БҒМ баспаөз қызметі.
-
Мұхтар Тілеуберді Түркі академиясының президентімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәлімен кездесті.
-
Азаматтық қорғау органдарында 3129 әйел қызмет атқарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде азаматтық қорғау органдарында 3129 әйел қызмет атқарады.
-
«G2J» алаңында жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесінің оңтайлы шешімдерін іздеу мақсатында «Жастар» ҒЗО базасында АҚДМ вице-министрі Александр Данилов, Қазақстандағы Отбасы банкінің өкілдері, Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы сарапшылар және басқалардың қатысуымен «G2J» («Government to Jas») сараптама алаңының отырысы өтті.
-
Ұлттық банк валюта тапшылығына байланысты түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Айырбастау пунктерінде және екінші деңгейлі банктерде қолма-қол долларды сатуға немесе шығарып алуға шектеу қоюға қатысты сауалдардың көптеп түсуіне байланысты Ұлттық банк Қазақстан Республикасында шетелдік валютадағы операцияларға шектеу енгізу туралы қаулы немесе басқа да заңға тәуелді актілер қабылдамағанын хабарлайды.
-
Қырғызстанда маска тағу режимі алынып тасталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанда 12 наурыздан бастап қоғамдық көліктер мен денсаулық сақтау мекемелерінен өзге жерлерде бетперде тағу міндеттелмейді.
-
Ішкі нарықтың азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі бақылауда - АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықтың азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуіне жүйелі негізде мониторинг жүргізетінін хабарлайды.
-
Ақтөбе әуежайында ұшу-қону жолағы уақытша пайдаланылмайтын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 17 наурыздан бастап ақаулар жөнге келтірілгенге дейін Ақтөбе әуежайының ұшу-қону жолағының жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Ұлттық банк төрағасының орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының өкімімен Есжан Біртанов Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
-
Таразда 92 жастағы тұрғынның үйінің қақпасы ұрланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласының полиция бөліміне жергілікті қарт тұрғын жүгінді, деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
-
З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тағы бір қазақстандық университет жабылып жатыр. Әңгіме З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті жайында болып отыр.
-
COVID-19. Австрия вирусқа қарсы міндетті вакцинацияны тоқтатты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Қазақстанда 9,8 миллион әйел және 9,3 миллион ер адам тұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылдың басында Қазақстанда 9,8 миллион әйел және 9,3 миллион ер адам тұрады. Бұл ретте 6 миллионға жуық әйел қалада, 3,8 миллион әйел ауылда тұрады.
-
Президент Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысына сот жүйесінің қазіргі жағдайы мен сот төрелігіне қатысты өзекті мәселелер туралы ақпарат берілді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Паралимпиада-2022: Бүгін қазақстандық спортшылар биатлоннан сынға түседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұма күні, қысқы Паралимпиада ойындарының жетінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар ерлер арасындағы биатлоннан 12,5 шақырым қашықтыққа отырып және тұрып жарысудан сынға түседі, деп хабарлайды olympic.kz.
-
Байденнің санкция туралы жарлығы Қазақстанның мұнай саудасын шектемейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Ресейге салған санкциясы еліміздің мұнай саудасына әсері қандай?
-
Сенатта АӨК саласына цифрландыруды енгізу тетіктері зерделенді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Сенатта Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтар комитетінің депутаттары ауыл шаруашылығына цифрлық технологияларды енгізу мен оны шешу жолдарын талқылады.
-
«Қазақстан – менің жерұйығым». Желіде орыс қызының флешмобы қолдау тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық журналист Александра Мыскина Қазақстандағы орыс ұлтының өкілдерін «Қазақстан – менің жерұйығым» акциясына қатысуға шақырды.
-
Суды басқа елдерге қарағанда ысырап етіп отырмыз – Серік Қожаниязов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов хабарлады.
-
Үкіметте Су кеңесінің алғашқы отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов Су кеңесінің алғашқы отырысын өткізді, отырыста Қырғыз Республикасымен электр энергиясымен тауар алмасу және Қазақстанның оңтүстік өңірлерін сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
-
Педагогикалық мамандықтарға сұраныс артты – Давронжон Гаипов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл жастар арасында педагогикалық бағыттағы мамандықтарға сұраныс артып отыр. Бұл туралы Сулейман Демирель атындағы университеттің ректоры Давронжон Гаипов айтты.
-
Азық-түлік тауарларының қоры жасалды – министрлік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта Қазақстанда негізгі азық-түлік тауарларының қорлары жасалды.
-
145 мың ұжымдық шарттың тек 30 мыңы ғана кәсіподақтар қатысуымен әзірленген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысына сапары барысында Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының жеті мұнай кен орнының бірі – Салтанат Балғымбаев кен орнына барды.
-
Шаңғымен тұғырдан секіруден әлем чемпионаты өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Норвегияның Викерсунд аймағында шаңғымен тұғырдан секіруден әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Ерлан Сыдықов жоғары білім саласындағы негізгі 5 мәселені атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ректорлар кеңесінің отырысында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов заманауи Қазақстанды дамытудың жаңа тәсілдері тұрғысында жоғары білімнің алдында тұрған міндеттерге қатысты ойларымен бөлісті.
-
Қазақстан мен Армения арасындағы мұнай өнімдеріне қатысты заң жобасы қаралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы болып, онда 2022 жылғы 14 наурызда өтетін жалпы отырыстың күн тәртібі жобасы нақтыланды.
-
Адвокаттардың орташа жалақысы белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бекебаев Адвокаттық қызметтегі өзекті мәселелерге арналған дөңгелек үстел барысында айтты.
-
Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» басқарма төрағасын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық газ компаниясының қазіргі жұмысы туралы және ішкі нарықты тауарлы газбен қамтамасыз етуге басымдық беру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы баяндалды.
-
Түркістан облысында тұрғындардан заңсыз сақталған қару анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Түркістан облысында тұрғындардан заңсыз сақталған 17 қару алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Елордада адвокаттық қызметтің өзекті мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әділет министрі Қанат Мусин Адвокаттық қызметтегі өзекті мәселелерге арналған дөңгелек үстел барысында қандай мәселелер талқыланатынын айтты.
-
Еліміздің 1,5 мыңға жуық жүк вагоны Украинада қалды - министрлік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің 1,5 мыңға жуық жүк вагоны Украина аумағында қалып отыр.
-
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторын құру мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінде ведомство басшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың басшылығымен әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторын құру мәселесі жөнінде кеңес өтті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
-
Елордада оқушылар арасында шығармашылық фестиваль өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Корей мәдениеті апталығы» мектепішілік іс-шарасы аясында «K-Pop Fest 2022» шығармашылық фестивалі өтті.
-
Оқушыларға арналған «Тұлға болам» атты үшінші кітап оқу сайысы басталды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Осыған орай биыл «Шұғыла» қоры мен «Дария» дамыту орталығы үшінші «Тұлға болам» кітап оқу сайысын ұйымдастырғалы отыр.
-
Демалыс күндері күн райы қандай болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет ел бойынша 12-14 наурызына арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
Жамбыл облысында екі заңсыз майнинг фермалары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тінту іс-шараларын жүргізу барысында криптовалюталарды өндіруге арналған 80-нен астам жабдықтар табылып, тәркіленді.
-
Елімізде ғылым саласында 9 738 әйел бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан бойынша ғылым саласында 9 738 әйел бар. Олар жалпы ғалымдар санының 54%-ын құрайды.
-
Астананың орталығында түлкі қайдан жүр? – Ведомство жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұған дейін елордалық екі тұрғынды қаланың қақ ортасында түлкі тістеп алғаны туралы ақпарат тарағаны белгілі. Осы мәселеге қатысты жабайы жануардың қайдан келгені туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен сұраған болатынбыз.
-
Елордалық екі адамды қаланың ортасында түлкі тістеп алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық екі тұрғынды түлкі тістеп алған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.
-
26 наурызда әлем бойынша жарық бір сағатқа өшеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының» басқарма төрайымы Айгүл Соловьева «Жер сағаты» туралы брифингте айтты.
-
Әлемдегі ең ірі экологиялық акция қалай өтеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы WWF бағдарламасының Орталық Азия бойынша директоры Григорий Мазманянц «Жер сағаты» туралы брифингте айтты.
-
Елімізде голливудтық фильмдерді прокаттау мәселесі шешіледі – министрлік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 наурызда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Дәурен Абаевтың төрағалығымен еліміздегі киноиндустрияны дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтті. Оған кинопрокат нарығында танылған отандық компаниялардың басшылары қатысты, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
-
Экономист алдағы уақытта теңге, баспана бағасы қалай өзгеретінін айтты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Теңге бағамы алдағы уақытта қалай өзгеруі мүмкін, бір доллар қанша теңге болады? Ресейге салынған санкциялар Қазақстанға қалай әсер етеді, қандай қиындықтарға дайын болуымыз керек? Ресейден жеткізілетін тауарлардың қай түрінен тапшылық болуы мүмкін? Алдағы уақытта ірі қалаларда жылжымайтын мүлік өзгере ме? Қазіргі қиын сәтте экономика тұралатып алмас үшін Қазақстанға қандай қадамдарға барған дұрыс? Осы және өзге де сұрақтарға экономист Жасұлан Күшебаев сұхбат барысында жауап берді.
-
Мүгедектікті белгілеу бойынша 9,6 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Бибігүл Асылова Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Бибігүл Амангелдіқызы Асылова берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
-
Орталық Азияда алғаш рет көміртекті ұстау бойынша конференция өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегінен арылуды көздеп отыр. Мұндай мақсатты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қойған болатын.
-
«Мұқағали» фильмі Үндістанда көрсетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі қазақстандық режиссер Болат Қалымбетов түсірген «Мұқағали» көркем фильмі Үндістанда наурыздың 18-25 аралығында өтетін 26-шы Халықаралық Керала кинофестивалінің «Әлемдік кино» бағдарламасы шеңберінде көрсетіледі.
-
Air Astana Ресейге қатынайтын барлық рейсті тоқтатады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Air Astana Ресейге қатынайтын және оның әуе кеңістігі арқылы ұшатын барлық рейсті тоқтатады.
-
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Данияр Рамазанұлы Қадыров ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
-
«ӨКМ Операторының» бұрынғы басшысы 20 млрд теңге жымқырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты 2016-2021 жылдар аралығында көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы кәсіпорынның 20 млрд теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
-
Президент БАҚ көтерген өзекті мәселелер бойынша тапсырмалар беріп отырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев тұрақты түрде мынадай отандық және шетелдік басылымдарды оқиды.
-
Елордада экологияны ластап келген Силикат зауытының қызметі тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.
-
Баку мен Тбилисиде ТХКБ дамыту бойынша бастамалар қолдау тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкіметі жанындағы Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Премьер-министр Әлихан Смайыловты Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
-
Өткен тәулікте 1032 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 1032 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Коронавирус: 95 науқастың жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус жұқтырған 100-ге жуық адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен хабарлады.
-
Елімізде өткен тәулікте 119 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 119 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Билли Джин Кинг кубогі: Қазақстан мен Германия матчы елордада өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогының Германиямен іріктеу матчын елордада өткізеді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
-
Биыл Каспий теңізінен 19 мың тонна балық ауланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда көктемгі балық аулау маусымы басталды.
-
Қазақстандағы онкологиялық қызметтің негізін қалаушы Сәкен Нұғмановтың есімі ҚазҰМУ кафедрасына берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ атақты дәрігерлер мен оқытушылардың есімін мәңгі есте қалдыру дәстүрін «Тағзым – Мы помним. Мы гордимся» атты тақырыпта жалғастыруда. Кеше Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында ҚазҰМУ онкология кафедрасына Қазақстандағы онкологиялық қызметтің негізін қалаушы Сәкен Нұғманұлы Нұғмановтың есімі берілді.
-
Түркістан: Сауранда сапар орталығы салынуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Сауран ауданындағы Жүсіп ата кесенесінде сапар орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Шымкентте рұқсатсыз жұмыс істеген 21 шетелдік анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте рұқсатсыз жұмыс істеген 21 шетелдік анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Ресей өз көліктерін экспорттауға тыйым салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қант пен астықтан бөлек, Ресей Федерациясы енді елден жеңіл көліктерді шығаруға тыйым салды, деп хабарлайды @FINANCEkaz Telegram парақшасы.
-
Шекарадан 210 млн теңге болатын темекіні заңсыз өткізбек болғандар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында шекарадан құны 210 млн теңге болатын темекіні заңсыз өткізбек болғандар ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
-
Қызылорда облысында 100-ден астам мұғалімнің дипломы жалған болып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында 112 мұғалімнің дипломы жалған болып шықты. Бұл деректер педагогтарды аттестациялау барысында анықталған.
-
Қазақстан Елшісі Үндістанның Сыртқы істер және мәдениет министрімен кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Үндістанның Мемлекеттік сыртқы істер және мәдениет министрі Минакши Лекхимен кездесті.
Наверх