Билли Джин Кинг кубогі: Қазақстан мен Германия матчы елордада өтеді

11 Наурыз 2022, 07:51
1041
Бөлісу:
Билли Джин Кинг кубогі: Қазақстан мен Германия матчы елордада өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогының Германиямен іріктеу матчын елордада өткізеді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Аталмыш сайыс Ұлттық теннис орталығының арнайы құрылған топырақ төсенішінде болады. Арена 2500-ден астам көрерменге есептелген, мұнда Қазақстан ерлер және әйелдер құрамаларының ойындары бұдан бұрын да әлденеше рет өткен болатын.

Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский Ұлттық теннис орталығының кездейсоқ таңдалмағанын жеткізді.

Елорда корттарында біздің құрамалар жақсы өнер көрсетіп келеді. Олар Швейцария, Аргентина, Жапония, Италия, Португалия, Нидерланды секілді атақты қарсыластарын ұтты. Сапалы дайындық пен жанкүйерлердің қолдауы арқасында 20 матчта жеңіске қол жетті. Осы табыстың жалғасуы үшін бар күшімізді саламыз, – деді Ю.Польский.

Қазақстан – Германия матчы 15-16 сәуірде өтеді. Жеңімпаз құрама жыл соңында өтетін финалдық кезеңге жолдама алады. Өткен жылы сәуірде Аргентинада корт иелерін ұтқан қазақстандық қыздар осы плей-офф кезеңіне шыққан болатын.

Өзгелердің жаңалығы