Қарадала жерінде сағатына 4 тонна алма мен өрік өңдейтін зауыт жұмыс істеп тұр

11 Наурыз 2022, 19:15
1458
Бөлісу:
Қарадала жерінде сағатына 4 тонна алма мен өрік өңдейтін зауыт жұмыс істеп тұр

Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысындағы Қарадала жерінде сағатына 4 тонна алма мен өрік өңдейтін зауыт орналасқан. Күндігіне 50 тоннаға дейін өнім өңдейтін кәсіпорынның есігін айқара ашқанына 3 жылдың төңірегі болды. Ол – «АгроПросессинг» ЖШС.

Зауыт басшысы Бахтияр Абдулминов. Жеміс-жидек арқылы жетістікке жетуді көздеген кәсіп иесе, алғашында ауқымды істі бастауға 500 млн теңге көлемінде қомақты сомаға инвестиция тартқан. Кәсіпорынға шикізат шеттен емес өз ауылына жақын маңнан жеткізіледі. Нақтыласақ, Бахтияр мырза аудан маңындағы Қалғантам және Шырын елді мекендерінен жер телімін алып, өрік өсіреді. Бүгінгі таңда өзі баптап өсіретін өнім зауытты шикізатпен толық қамтуға қауқарлы.

Теңдесі жоқ өнім - «Алтын фрукт» деген аталыммен нарыққа шығуда. Атау ерекше шырынның жасалу әдісі де ерек. Өйткені, қосымша ингридиенттер мен бояуыштар, су мен қант  қосылмайды. Табиғи таза сығындыдан жасалған алма шырынының құрамында А, В, және С дәрумендері мол болады. Сонымен бірге, биотин, пантотен және фолий қышқылы бар. Дәрумендер шаш пен тырнақты қатайтуға жақсы әсер етеді. Алма шырыны бұған қоса темір, магний, фосфор және минералды затқа бай.

Таза өнімнің әр литрі 1 мың теңгеге бағаланып отыр. Қаптамада 3 литрден жүреді. Шырын тек ауданда емес, Алматы сынды ірі қаланың нарығын иегріп отыр. Соныман қатар, сусын шипалы арасан суларындағы демалыс үйлерінде саудаланады. Кәсіпорын басшылығы ендігі кезекте зауыт жұмысын жандандыруды көздеуде.

Таурдың сырты да өзгеше, ашылатын ернеуіде самаурынның шүмегіне ұқсас жасалған.  Айта кетейік, өнім сыртында «Шонжы ауылынан шыққан өнім» деген жазу бар. Бұл жеке кәсіп иесінің емес, тұтас өңірдің мақтанышына айналған шырын деп айтуға толық негіз бар.
 

Өзгелердің жаңалығы