Байденнің санкция туралы жарлығы Қазақстанның мұнай саудасын шектемейді

11 Наурыз 2022, 15:24
1447
Бөлісу:
Байденнің санкция туралы жарлығы Қазақстанның мұнай саудасын шектемейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Ресейге салған санкциясы еліміздің мұнай саудасына  әсері қандай? 

Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

8 наурызда Президент Байден Америка Құрама Штаттарына ресейлік мұнайды, сұйытылған табиғи газды және көмірді импорттауға тыйым салу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл Президент Путинді  Украинаға қарсы өзі таңдаған соғысты жалғастыру үшін пайдаланатын экономикалық ресурстардан одан әрі айыратын маңызды әрекет. Бұл бұйрық Каспий құбыр консорциумының («КҚК») қазақстандық шикі мұнайымен айналысуға тыйым салмайды, өйткені КҚК шеңберіндегі тарату жүйелері әртүрлі шикі мұнай көздерін ажырата алатындықтан, бұл Ресей Федерациясынан шыққан шикі мұнайды белгілеуге және бөлек жүктеуге мүмкіндік береді, -делінген ақпаратта.

Елшіліктің мәліметінше, бұл тиымдар Ресей Федерациясында шығарылған  кейбір өнімдердің АҚШ импортына қатысты да қолданылады.

Ал Ресей Федерациясында шығарылмаған тауарлардың  импортына қатысты, тіпті егер мұндай тауарлар Ресей Федерациясы арқылы транзитпен өтетін болса да, немесе Ресей Федерациясынан жөнелтілетін болса да қолданылмайды.Біз санкциялардың Ресей экономикасына бағытталғанын және олардың басқа экономикаларға тигізетін әсерін барынша азайтуға бағытталғанын атап өтуді жөн көреміз. 30 жылдық серіктестігіміз көрсеткендей, Америка Құрама Штаттары Қазақстанмен кең ауқымды мәселелер бойынша әріптестік орнатудан айнымайды, -делінген елшілік хабарламасында. 

Өзгелердің жаңалығы