Елордада экологияны ластап келген Силикат зауытының қызметі тоқтатылды

11 Наурыз 2022, 09:19
1783
Бөлісу:
Елордада экологияны ластап келген Силикат зауытының қызметі тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Елордада «Промышленный» елді мекенінің тұрғындарын 10 жылдан бері мазалаған мәселе шешілді. Елді мекенде кірпіш шығаратын зауыттың жұмысы тоқтатылды, экологияның ластануына байланысты зауыт есігі мөрленді.

Елордада экологияны ластап келген Силикат зауытының қызметі тоқтатылды

Нұр-Сұлтан әкімдігі ҚР ЭГТРМ-мен бірлесіп, сот арқылы жергілікті халықтың денсаулығына зиян келтірген кәсіпорынның қызметін мәжбүрлеп тоқтатты. Мұнда шамамен 30 мың адам тұрады. Зауыт басшылығы 5 жыл ішінде аумақты босату және зиянды өндірісті жабу жөніндегі міндеттемелерін орындаудан жалтарып келген.

Елордада экологияны ластап келген Силикат зауытының қызметі тоқтатылды

Әкімдік ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің елордалық экология департаментімен бірлесіп, тұрғындардың өтініші негізінде зауыт қызметіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның қорытындысы бойынша кәсіпорын өз қызметін рұқсат етілген шекті экологиялық нормаларды бұза отырып жұмыс істегені анықталды. Осыған байланысты сот оның жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады. Сол сияқты бұл кәсіпорынға тиісті өтемақы төленіп, тұрғындардан алыс орналасқан жер учаскесі ұсынылды. Алайда зауыттың иесі жер учаскесінен бас тартты. Зиянды зауыттың жабылуы «Промышленный» елді мекені тұрғындарының денсаулығын қорғау үшін аса маңызды болды, - деп атап өтті Алматы ауданының әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Өзгелердің жаңалығы