Адвокаттардың орташа жалақысы белгілі болды

11 Наурыз 2022, 13:22
5516
Бөлісу:
Адвокаттардың орташа жалақысы белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бекебаев Адвокаттық қызметтегі өзекті мәселелерге арналған дөңгелек үстел барысында айтты. 

Көп адвокаттың қаламақысы өте төмен. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі бойынша адвокаттар бір айда орташа есеппен 80 мың теңге алады. Оның 10 пайызы жеке табыс салығы, 2 АЕК мемлекетке төленеді. Одан басқа әр адвокат коллегиясына ақша төлейді. Біздің есептеуіміз бойынша, алған 80 мыңның жартысы салыққа кетіп отыр, - деді ол.

Оның айтуынша, адвокат жеке қызмет көрсету үшін өз кеңсесі болуы керек.

Осы мәселені мемлекеттің шешіп беруін сұраймыз. Адвокаттар сапалы, бәсекеге қабілетті болуы үшін өзгеріс керек. Біз республикалық бюджеттен 1,8 млрд алдық. Бір адвокатқа бір айда 4 іс жүргізгені үшін 80 мың  бір іске 20 мың теңге. Бұл – өте аз. Қазақстанда 5 700 адвокат бар. Былтыр 1800-і мемлекет кепілдік берген заң көмегімен істеді. Қалғандары келісімшарт бойынша жұмыс істейді, - деді Айдын Бекебаев. 

Өзгелердің жаңалығы