Шымкентте рұқсатсыз жұмыс істеген 21 шетелдік анықталды

11 Наурыз 2022, 04:24
1426
Бөлісу:
Шымкентте рұқсатсыз жұмыс істеген 21 шетелдік анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте рұқсатсыз жұмыс істеген 21 шетелдік анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері қала аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұрғындарды, ел аумағынан заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар азаматтарды анықтауға, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және елімізде шетелдіктердің болу қағидаларын бұзуды болдырмау мақсатында 10 наурызда «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Іс-шара барысында Еңбекші ауданында арнайы рұқсатсыз жұмыс істеп жүрген 21 Өзбекстан Республикасының азаматы анықталып, олардың жеке бастарын анықтау мақсатында Шымкент қаласы полиция департаментінің қабылдап-тарату орталығына орналастырылды.

Шетелдіктердің жеке бастары анықталған соң, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік хаттама толтырылатын болады. Қазіргі таңда заңсыз көші-қонның алдын алу жұмыстары жалғасуда.


 

Өзгелердің жаңалығы