Энергетика министрлігі электр энергиясы секторындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді

11 Наурыз 2022, 19:21
1849
Бөлісу:
Энергетика министрлігі электр энергиясы секторындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Энергетика министрлігі электр энергиясын беру секторындағы қазіргі жағдайға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды.

Қазақстан Республикасы бойынша электр желілерінің жалпы ұзындығы 467 422 км құрайды, оның ішінде – шамамен 27 мың км Ұлттық электр желілері және өңірлік электр желілік компаниялардың желілері-шамамен 274 мың км (ӨЭК).

Желілердің тозуының ағымдағы орташа деңгейі 66%-ды құрайды, бұл өз кезегінде электр энергиясын тасымалдау кезінде айтарлықтай ысырапталуына және тұтынушыларды электр энергиясымен үздіксіз жабдықтауға әсер етеді.

Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі ӨЭК пен коммуналдық желілердің негізгі және қосалқы жабдықтарының жай-күйінің деңгейін айқындау және оларды жаңғырту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу үшін техникалық аудит жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі, - делінген хабарламада.

Аудит нәтижелері бойынша ӨЭК негізгі қорлары мен коммуналдық желілерді жаңғырту тетігі айқындалатын болады. Бұл жұмыстың аяқталу мерзімі 2023 жылдың шілде айына жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы