Елордалық «Есіл» ауданының әкімі әскери бөлімде болды

11 Наурыз 2022, 18:28
1891
Бөлісу:
Елордалық «Есіл» ауданының әкімі әскери бөлімде болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық «Есіл» ауданының әкімі Асылбек Есенбаев іс-сапармын Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімде болды, деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланнның баспасөз қызметі.

Сапар барысында Асылбек Есімханұлы 5573 әскери бөлімінің ақпараттық стенді мен макетімен, тұрғын үй және сервистік инфрақұрылымның жай-күйімен жақынырақ танысып, оқу-жаттығу нысандарын аралады.

Сондай-ақ аудан басшысымен болған кездесуде бөлім командирі полковник А.Есжанов әскерилердің көкірегінде жүрген түйткілді мәселелерді де ортаға салды.Әсіресе, әскери қалашық аумағын абаттандыру және әскери қызметшілер тұратын тұрғын үйдің жанында ойын алаңдарын жабдықтау жайынды сөз  көзғалды.

Өз кезегінде Аудан әкімі бұл  айтылған мәселелерге қолдан келгенше көмек  көрсететін мәлімдеді. 

Одан кейін кездесуге қатысушылар алдағы ынтымақтастық бағыттарын, атап айтқанда, елордалық оқушыларды әскери —патриоттық тәрбиелеу мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында полковник Аян Есжанов аудан әкіміне өзара жемісті ынтымақтастығы үшін «Қазақстан Республикасының құқық тәртібі әскерлеріне 30 жыл" төсбелгісін табыстады.

Өзгелердің жаңалығы