«Қазақстан – менің жерұйығым». Желіде орыс қызының флешмобы қолдау тапты

11 Наурыз 2022, 15:16
2477
Бөлісу:
«Қазақстан – менің жерұйығым». Желіде орыс қызының флешмобы қолдау тапты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық журналист Александра Мыскина Қазақстандағы орыс ұлтының өкілдерін «Қазақстан – менің жерұйығым» акциясына қатысуға шақырды. 

Журналист Александра Мыскина өзінің facebook парақшасында Қазақстанда тұратын орыс ұлтының өкілдеріне үндеу жолдады. 

«Қазақстан – менің жерұйығым». Желіде орыс қызының флешмобы қолдау тапты

Қазақстандағы орыс ұлтының өкілдері! Ақпараттық соғыстың көпұлтты Қазақстанды күйретуіне жол бермейік. Біз өз Жерұйығымызды ешқашан сатпаймыз!  Кейбіреулер Қазақстандағы орыстарды неден құтқарғысы келеді? Тоқтық пен достықтан, мейрімділік пен жақсылықтан, қазақ халқының даналығынан ба?... Біз қазақ тілін үйренуге дайынбыз және үйреніп жатырмыз, себебі біз қазақты жақсы көреміз. Жаңа мектептердің ашылып жатқанына қуанамыз. Олардың қазақ тілінде болғаны біз үшін проблема емес! Ең бастысы, Алтынсарин айтқандай, «Кел, балалар, оқылық». Біз балалардың әлем туралы білім алғанын қалаймыз. «Қазақстан – менің Жерұйық» флешмобын бастаймын, - деді журналист. 

Осы жарияланымды 3 мыңа жуық адам бөлісіп, лүпіл басқан. Бұл флешмобты республиканың түкпір-түкпіріндегі орыс ұлтының өкілдері қолдаған. 

«Қазақстан – менің жерұйығым». Желіде орыс қызының флешмобы қолдау тапты

Сондай-ақ Александра Мыскина туған елін жақсы көретіні туралы жазған пікіріне жүздеген адам алғыс айтып жатқанын айтты. 

«Қазақстан – менің жерұйығым». Желіде орыс қызының флешмобы қолдау тапты

Өмір бойы бірге болған жерімді, халқымды құрметтеп, жақсы көретінім үшін алғыс айтудың қажеті бар ма? Бұл - менің парызым, табиғи нәрсе, басқаша болуы мүмкін емес. Бірақ бұл арқылы мен Қазақстандағы орыстардығ қолдауы қазақтар үшін қаншалықты маңызды екенін байқадым. Маған жылы лебіз білдерген барша жанға  алғыс. Қазақ үшін поэзия даланың желіндей, қанында бар, сондықтан барлық  пікір айтқандарға осы өлеңмен жауап беремін, - деді журналист. 

«Қазақстан – менің жерұйығым». Желіде орыс қызының флешмобы қолдау тапты
Өзгелердің жаңалығы