Суды басқа елдерге қарағанда ысырап етіп отырмыз – Серік Қожаниязов

11 Наурыз 2022, 15:06
2502
Бөлісу:
Суды басқа елдерге қарағанда ысырап етіп отырмыз – Серік Қожаниязов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов хабарлады. 

Оның айтуынша, су мәселелері – бүкіл адамзаттың алдында тұрған өзекті проблемалардың бірі. 

Климаттың ғаламдық жылынуы, соған байланысты мұздақтардың ағынының азаюы байқалады. Сол себепті су мәселесі төмендеуде. Климаттық жағдайға қоса, Қазақстанның өзіне тән өзгешелігі бар. Елде бар жерүсті ағын сулардың жартысына жуығы сырт мемлекеттерден ағып келеді. Оның үстіне, бұл жалпы республика бойынша орташа есеппен жартысына жуық жағдайға тең, - деп атап өтті вице-министр.

Сонымен қатар ол кейбір бассейндер бойынша біздің бөліктеріміз өте үлкен екендігін алға тартты. 

Мысал ретінде, Арал-Сырдария бассейнінде 93%,  Жайық-Каспий – 82%, Шу-Талас – 74%, Балқаш-Алакөл – 48% осал су шаруашылығы бассейндері бар. Олардың ең осалы - Тобыл-Торғай (12%) және Ертіс (20%) су шаруашылығы бассейндері болып табылады. Сол проблемалармен қоса, ішкі инфрақұрылымдағы жағдай мәз емес. Сол себепті суды таратып, тұтынушыға жеткізуде 40-тан 60%-ға дейін су ысырапқа кетеді, - деді ведомство басшысы. 

Вице-министр суды ысырап етіп отырғанымызды айтты.

Суды ысыраппен пайдаланатын мәселеміз бар. Мысал ретінде ел экономикасы ЖІӨ-нің 1 долларына суды Ресей, АҚШ-қа қарағанда біз 3 есе, Австралияға қарағанда 6 есе көп пайдаланамыз, - деді Серік Қожаниязов. 

Өзгелердің жаңалығы