Шаңғымен тұғырдан секіруден әлем чемпионаты өтіп жатыр

11 Наурыз 2022, 13:48
1597
Бөлісу:
Шаңғымен тұғырдан секіруден әлем чемпионаты өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Норвегияның Викерсунд аймағында шаңғымен тұғырдан секіруден әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлады Olympic.kz.

Іріктеу нәтижесі жарияланды. Аталған сынға Қазақстан атынан Сабыржан Мүмінов пен Данил Васильев қатысуда. Іріктеу қорытындысы бойынша келесі айналымға Сабыржан Мүмінов өтті. Ол 34-і нәтиже көрсеткен. 

Ал Васильев 44-ші сатыда. Келесі кезеңге 40 спортшы ғана өтеді. 

Өзгелердің жаңалығы