Астананың орталығында түлкі қайдан жүр? – Ведомство жауап берді

11 Наурыз 2022, 11:38
3122
Бөлісу:
Астананың орталығында түлкі қайдан жүр? – Ведомство жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұған дейін елордалық екі тұрғынды қаланың қақ ортасында түлкі тістеп алғаны туралы ақпарат тарағаны белгілі. Осы мәселеге қатысты жабайы жануардың қайдан келгені туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен сұраған болатынбыз. 

8 наурыз күні Есіл аудандық полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторынан қаланың орталығында түлкі жүргені туралы ақпарат түсті. Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары аумаққа тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында түлкілер анықталмады, - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ведомствоға қарасты ұйымдарының күшімен қаланы торуылдау ұйымдастырылған. 

Сондай-ақ комитет қалада жабайы жануарларды көрген жағдайда не істеуге болатынын айтты. 

Қалада жабайы жануарларды көрген жағдайда тұрғындардан жабайы және қараусыз жүрген жануарларға жақындамауды сұраймыз. +7 777 182 39 01 телефон нөміріне хабарласуларыңыз сұралады, - деді ведомство өкілдері. 

Өзгелердің жаңалығы