Ерлан Сыдықов жоғары білім саласындағы негізгі 5 мәселені атады

11 Наурыз 2022, 13:28
2246
Бөлісу:
Ерлан Сыдықов жоғары білім саласындағы негізгі 5 мәселені атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ректорлар кеңесінің отырысында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов заманауи Қазақстанды дамытудың жаңа тәсілдері тұрғысында жоғары білімнің алдында тұрған міндеттерге қатысты ойларымен бөлісті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында еліміздің қоғамдық-саяси және экономикалық-әлеуметтік дамуының бірқатар проблемасын атап қана қоймай, жалпы білім беру жүйесін әрі қарай қарқынды дамыту қажеттігіне баса назар аударып келеді, - деді ректор.

Ол өз сөзінде Мемлекет басшысы қозғаған 5 негізгі мәселе туралы айтып берді.

1) Оқушылардың білім деңгейі бойынша Қазақстан дамыған елдерден қалыс қалған.

2) Өзекті мәселе – бұл оқушылардың білім сапасы.

3) Жоғары білімнің қолжетімділігі – маңызды мәселенің бірі.

4) ЖОО, колледждердің түлектері жұмысқа тұра алмайды.

5) Оқу бағдарламаларын жаңа заманға бейімдеу.

Биыл еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде болған оқиғалар айтарлықтай шиеленісіп, қордаланып қалған мәселенің барлық кешені, оның ішінде әлеуметтік және жоғары білім беру саласында маңызды мәселе ретінде шешілуі керек. Менің ойымша, жоғары білім мен ғылым саласына қатысты Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға жаңа көзқараспен қарау қажет, - деп атап өтті Ерлан Сыдықов.

Айтуынша, қашықтан оқытуға арналған ақпараттық жүйелердің сапасын арттыру туралы мәселе де маңызды болып отыр. 

Университеттердің басқару корпусын кәсіби жаңарту, кәсіби сауатты даярланған кадрларды тарту туралы мәселе өзекті. Сондай-ақ қазақстандық университеттер базасында шетелдік ЖОО-ның кампустарын ашу да маңызды. Академиялық үстемдік орталықтарын ашу тапсырылған болатын. Білім берудің кәсіпорындары мен бизнеспен, жұмыс берушімен өзара қарым-қатынасты күшейту – жоғары білімнің кемшін тұсы, себебі бұл мәселе ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келе жатыр, - дейді ол отырыста.

Өзгелердің жаңалығы