Қарағандыда мас такси жүргізушісі 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

11 Наурыз 2022, 20:11
1559
Бөлісу:
Қарағандыда мас такси жүргізушісі 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда мас такси жүргізушісі жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлады Polisia.kz. 

8 наурызда облыстық жол полициясы басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Қарағанды ​​қаласының маңындағы ауданда қызмет етті. Шамамен сағат 20.30-да полицейлер жол жиегіне шығып кеткен көлікке назар аударды. 

Полиция қызметкерлері 40 жастағы ер адам басқарған көлікті тоқтатты. Жүргізушінің өзінен алкоголь иісі шыққан. Сараптама оның алкогольдік масаң күйде болғанын анықтады. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-ші бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материал сотқа жолданып, жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы