Үкіметте Су кеңесінің алғашқы отырысы өтті

11 Наурыз 2022, 14:53
1399
Бөлісу:
Үкіметте Су кеңесінің алғашқы отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов Су кеңесінің алғашқы отырысын өткізді, отырыста Қырғыз Республикасымен электр энергиясымен тауар алмасу және Қазақстанның оңтүстік өңірлерін сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында Премьер-министрдің төрағалығымен Су кеңесі құрылды. Кеңес су шаруашылығы саласындағы саясаттың ұлттық басымдықтары мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге бағытталған.

Қазақстан мен Қырғызстан тараптары электр энергиясы және сумен қамтамасыз бойынша тауар алмасу туралы өзара тиімді шарттарда уағдаластық жасасты.

Қазақстанның оңтүстік өңірлерін сумен қамтамасыз етуге басымдық беріледі. Әлеуметтік тыныштық пен азаматтардың әл-ауқаты – Үкіметтің негізгі міндеті. Бұл мәселе ерекше бақылауда, – деді Смайылов.

Энергетика министрлігіне Қазақстанда электр энергиясының тапшылығына жол бермеу және сұр майнингке қатысты қатаң шаралар қолдану тапсырылды.

«Сұр» майнерлерді мәжбүрлі түрде өшіру керек», – деді Премьер-министр.

Өзгелердің жаңалығы