Елордалық екі адамды қаланың ортасында түлкі тістеп алған

11 Наурыз 2022, 11:35
3949
Бөлісу:
Елордалық екі адамды қаланың ортасында түлкі тістеп алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық екі тұрғынды түлкі тістеп алған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады. 

Наурыз айында астаналық травматологиялық орталыққа жабайы жануар тістеп алды деген шағыммен 15 минуттың ішінде екі әйел жүгінген.

Эпидемиологиялық тексеріс жүргізу кезінде бірінші тұрғынды түлкі 8 наурыз күні «Керуен Сити» сауда орталығының маңында жіліншігінен қауып алған. Жануар байқатпай келіп шабуылдаған болып шықты. 

Дәл сол күні «Думан» қонақүйі жақтағы аялдамадан орталық саябаққа қарай бара жатқан екінші әйел адамды да түлкі аяғынан тістеген. 

Екі жағдайда да жануар әйелдерге бірінші болып шабуылдаған.

Зардап шеккендерге қалалық травматологиялық пунктте көмек көрсетіліп, емдеу жүргізілді. Олар емханада емдеу-профилактикалық иммундау екпесін алуды  жергілікті жердегі емханаларда жалғастырады. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында қала тұрғындарына жабайы және қадағалаусыз жүрген жануарларға жақындамауды ескертеді, - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі. 

Өзгелердің жаңалығы