Ақтөбе әуежайында ұшу-қону жолағы уақытша пайдаланылмайтын болды

11 Наурыз 2022, 16:48
2120
Бөлісу:
Ақтөбе әуежайында ұшу-қону жолағы уақытша пайдаланылмайтын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 17 наурыздан бастап ақаулар жөнге келтірілгенге дейін Ақтөбе әуежайының ұшу-қону жолағының жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 9 наурызда әуежайда ұшу-қону жолағының жағдайына тексеру жүргізілген.

Тексеру кезінде ұшу-қону жолағынан ақаулар шықты, аэродром тақтайшаларының, жоңқалардың, мастиканың қабыршақтарының аршылғаны анықталды. Белгіленген талаптардың сақталмауын, сондай-ақ азаматтардың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басымдықты ескере отырып, Қазақстанның Авиация әкімшілігі 2022 жылғы 17 наурыздан бастап Ақтөбе аэродромының ұшу-қону жолағын пайдалануды ақаулар жойылғанға дейін тоқтата тұру туралы шешім қабылдады, – делінген Азаматтық авиация комитеті хабарламасында.

Ал Ақтөбе облысының әкімдігі аэродром тақтайшаларын ауыстыру мен жөндеу жұмыстарын тез арада қаржыландыруға әзір.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Ақтөбе әуежайынан 5 бағытқа (Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтау және Түркістан) аптасына 52 ішкі рейсті, сондай-ақ басқа елдердің төрт қаласына аптасына 9 рейс ( Стамбул, Тбилиси, Қазан, Нөкіс) орындайды.

Өзгелердің жаңалығы