Все новости за 29 қараша 2022
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Серік Жұманғарин мен Юрий Ильин Екібастұзға барды
Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың тапсырмасы бойынша Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұзға барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Өскеменде коммуналдық қызметкерлердің айлығы өседі
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Таза Өскемен кәсіпорынның қала көшелері мен жолдарды күтіп ұстауға тікелей қатысатын барлық қызметкерлердің еңбекақысы өседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тек қана қазақ балаларынан құралған хоккей командасын құру ұсынылды
Мұндай ұсынысты Белгілі журналист әрі 7 жылдан бері баласын хоккей ойынына тәрбиелеп келе жатқан ата-ана Нұрболат Туысбайұлы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістан облысында жолда қалған 35 адам құтқарылды
Түркістан облысында жолда қалып қойған 35 адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде аяқ киімнің бағасы 16,6%-ға қымбаттады
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар-қазан аралығында былғарыдан жасалған аяқкиім өндірісінің көлемі 856,9 мың жұпты құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға артық, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбе облысында жылыту маусымы штаттық режімде өтуде
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалымен өткен жиында 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымының өңірде өту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қанша адам МӘМС жүйесінде алдын ала бір жылға сақтандырылған?
Сақтандыру мәртебесін алудың жаңа механизмін енгізу МӘМС жүйесіндегі көпшілік күткен және тиімді өзгерістердің бірі болып табылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағандыда суға батқан адамдарды құтқарып қалған жігіттің кім екені анықталды
Оразалы Асылханов ызғары бет қаратпайтын қақаған аязда мұздай суға үш рет сүңгіп, бірнеше адамды тура келген ажалдан арашалап қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Асқар Мырзахметов өзіне жала жапқандарға жауап берді
Бұл туралы Асқар Мырзахметов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Онколог: Адамдар дәрігерден қорықпай, уақытында тексерілсе, қатерлі ісік азаяр еді
Компьютер мен техникаға байланған заманда қатерлі дерттің дендеп тұрғаны баршаны алаңдатыны анық. Онкологияға шалдықпас үшін не істеу керек? Жаңа ғасырда адамзатты қатерлі ісіктен айықтыруға технологияның қауқары жете ме? деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Швецияның Қазақстандағы елшісі II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Швеция Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Матс Фойерді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сүйек кемігі донорлығы: Сіздің жасушаларыңыз біреуге өмір сыйлайды
Сүйек кемігі – адам организміндегі қан өндіру жүйесінің қан жасушаларын үнемі жаңартып отыратын маңызды ағзасы. Бүгінде елімізде сүйек кемігі донорлығы алға қойылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Қазфосфат" жұмысшыларының жалақысы өседі
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Казфосфат" ЖШС қызметкерлерінің жалақысына 50 мың теңге, 1 шілдеден бастап тағы 30 мың теңге қосылады, деп хабарлады BAQ.KZ Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
«Қазақстан халқына» қоры тағы бір балаға Zolgensma препаратын алып берді
Тараз қаласының кішкентай тұрғыны Нұрислам Маратқа «Онасемноген абепарвовек» (Zolgensma) Қазақстанда тіркелмеген қымбат препараты егілді. Дәрілік зат жұлынның бұлшықет атрофиясын емдеу үшін қолданылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Скринингтен өту үшін не істеу керек?
Алматы дәрігерлері 70 жасқа дейінгі барлық қала тұрғынын скрингингтік тексеруден өтуге шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Хирургиялық отаның ауыр немесе жеңіл түрі жоқ – дәрігер
Медицинадағы ең күрделі салалардың бірі – нейрохирургия екені белгілі. Қолының ептілігі, жүректің түктілігі ғана емес, озық технологияны меңгеру мен кемел білімді талап ететін сала күн сайын қанша адамды ажалдан арашалап келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматтарына паспорт дайындау мерзімі 30 күнге дейін қысқартылды
28 қарашадан бастап Корея Республикасының аумағында «ҚР шегінен тыс жерлерде тұратын ҚР азаматтарына паспорттарды рәсімдеу» бойынша мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру бойынша «пилоттық жобасы» басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Тьерри де Монбриальмен кездесті
Мемлекет басшысы Францияға ресми сапары аясында Француз халықаралық қатынастар институтының президенті әрі негізін қалаушы Тьерри де Монбриальмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Алматыда «Бастау» кинофестивалі 10-рет өтіп жатыр
2022 жылдың 29 қарашасы мен 3 желтоқсан аралығында Алматыда X Халықаралық "Бастау" студенттік және дебюттік фильмдерінің кинофестивалі өтеді. Ұйымдастырушылар – Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Tanaris Production кинокомпаниясы, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда мектеп түлектеріне тегін байқау өткізілді
«Білім және мансап» халықаралық конференциясы аясында Ұлттық тестілеу орталығы Алматы қаласында мектеп түлектері үшін тегін байқау сынақтарын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде Франция политехникалық университетінің филиалы ашылады
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Цифрландыру еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді
Ақмола облысы елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді. Өңірде агроөнеркәсіп секторын дамыту мәселесі жайлы облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркеш Әленов айтып берді, деп хабарлайды өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.
-
Смайылов пен Ли Кэцян сауда, жүк тасымалын және әуе қатынасын кеңейту мәселелерін талқылады
Премьер-министр Әлихан Смайылов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцян бейнеконференцбайланыс режимінде өткен екіжақты келіссөздер барысында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Парижде Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Францияға ресми сапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Парижде салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Мемлекеттік органдар жіберген хаттарға халықтың ашуы келеді – Бегалиева
Әлеуметтік сала әрбір азаматты толғандырады. Мемлекет өз кезегінде әлеуметтік толқуды азайту үшін қадамдар жасап жатыр. Алайда оған халық та атсалыспаса болмайды. Яғни қазақстандықтарды не қызықтыратынын құқықтық шеңберде мемлекетке жеткізу маңызды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
-
Халық әртісі Гүлжан Түткібаеваның шығармашылығына 40 жыл
ҚР Халық әртісі, «Құрмет» орденінің игері, Абай атындағы ҚазҰОБТ балет труппасының көркемдік жетекшісі Гүлжан Түткібаеваның шығармашылығына 40 жыл толуына орай «Балет кеші» өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлттық банк Цифрлық теңге туралы фейк ақпараттардан сақ болуды ескертеді
Цифрлық теңге қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшаның орнын ауыстырмайды, қолданыста олармен қатар жүретін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трансшекаралық ынтымақтастықтың келешегі өңіраралық форумда талқыланды
XVIII-ші Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумында екі елдің шекаралық облыстары арасындағы алыс-беріс пен барыс-келісті нығайтудың перспективасы пысықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекет басшысы Франция Президенті Эмманюэль Макронмен кездесті
Парижге ресми сапармен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
-
ДДҰ маймыл шешегінің атауын mpox деп өзгертті
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жыл басында қайта өршіген қауіпті вирустық ауру – маймыл шешегіне жаңа атау беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Зардап шеккен екібастұздықтар әкімге өтініш жаза алады
Екібастұз қаласының аумағында техногендік сипаттағы ТЖ режимін енгізу салдарынан қала әкімі ыстық тамақпен және демалыс орындарымен қамтамасыз ете отырып, жылыту пункттерін ұйымдастырған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сенатта Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру туралы заң жобалары қаралды
Депутаттар Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Интернет алаяқтықтан қалай сақтанамыз – маман кеңесі
ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының басшысы Жандос Сүйінбай алаяқтықтан сақтану жолдарымен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Еліміздегі жылу желілерінің жартысынан көбі тозған
Соңғы 7 жылда тозу деңгейінің жалпы көрсеткіші 13 пайызға төмендеген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Интернет алаяқтық бойынша 18 мыңнан астам қылмыс тіркелген
Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сенат спикері елдегі ЖЭО-ларына тексеріс жүргізу қажеттігін айтты
Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
1 қыркүйекке дейін әкелінген автокөліктерді заңдастыру тәртібі әзірленді
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтпеген көлік құралдарын заңдастыруды жүргізу тәртібін дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы-2 вокзалынан өрт шықты
Алматы-2 вокзалының шатыры өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ҚМА Базарбаев пен Принбековке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті 436 млн теңге қаражатты ұрлау фактісі бойынша «AlanParking» ЖШС директоры М.О.Базарбаевқа және «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры М.У. Принбековке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әшімбаев: Қалыпты жұмыс істемейтін ЖЭО-ларды мемлекет меншігіне қайтару қарастырылады
Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Өскеменге қар тазалайтын жаңа техникалар әкелінеді
Облыс орталығына көшелерді қардан тазартатын бірнеше аралас жол машиналары әкелінеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ-та жанартау оянды
Гавай аралдарында әлемдегі ең үлкен жанартаулардың бірі Мауна-Лоа қайта оянды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қасым-Жомарт Тоқаевты Эмманюэль Макрон Елисей сарайында қарсы алды
Бұл туралы Ақорданың Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үндістанда ABU-дың Бас ассамблеясының жиыны өтіп жатыр
Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының – ABU-дың 59-шы Бас ассамблеясы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Қазмұнайгаз» акцияларын сатып алуға жазылу аяқталуға жақын
2 желтоқсан күні сағат 15:00-де жеке инвесторлардың «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) акцияларын сатып алуға жазылу аяқталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Көкшетаудағы «Ақмола дарыны» орталығы мектеп оқушыларының талантын ашуға көмектесуде
Көкшетауда «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау орталығы көп жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның басты міндеті – балалардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту, мұндай қызметті ауыл балалары үшін де, әлеуметтік осал топтар үшін де қолжетімді ету, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордалық команда әлемдік аренада топ жарды
24-29 қараша күндері Австрия мемлекетінің Грац қаласында эстетикалық топтық гимнастикадан Әлем чемпионаты, Халықаралық турнир «IFAGG Trophy» және Халықаралық турнир "STEIERMARK CUP" өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жеңілдетілген автонесиеге электронды кезек желтоқсанда ашылады
Биыл желтоқсан айында жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша электронды кезек іске қосылуы мүмкін, деп хабарлады BAQ.KZ.
-
Енді азаматтық алғысы келетіндер қазақ тілін білуге міндетті болады – ІІМ
Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
-
Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына медиаторлар қызметін ұсыну мүмкіндігі бар
Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қорғаныс министрлігі алғашқы хакатон жеңімпаздарын анықтады
Қазылар алқасы қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы Hackaton DefTech 2.0 екі бағыты бойынша бес өтінімді қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сот жүйесін реформалау бойынша маңызды ұсыныстар дайындалды – Сенат
Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жағыппаров: Елге қызмет ету – мен үшін мақтаныш
Өз Отанын қорғау – әрбір ер азаматтың парызы. Ал қазіргі таңда Отан алдындағы борышын атқарып жүрген сарбаздарға қойылатын міндет қандай және олармен қандай тәрбиелік іс-шаралар жүргізіледі? Осы және басқа да сұрақтар төңірегінде 6655 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары – штаб бастығы полковник Дәурен Жағыпаровпен әңгімелескен едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жамбыл облысында 1,2 млн теңге айыппұлы бар жол ережесін бұзушы ұсталды
Қордайда өткен рейд барысында әкімшілік полиция қызметкерлері жылдамдықты 44 рет асырып, жол ережесін бұзған Қырғызстандық мемлекеттік тіркеудегі BMW X5 көлігінің жүргізушісін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Министр елімізде қанша ресейлік жұмыс істеп жүргенін айтты
Үкімет отырысынан соң Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова елімізде 100 мың ресейлік бар екенні айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
-
Зейнетақы жинағының шекті мөлшерін төмендету мәселесі қаралады – министр
Бұл туралы Үкімет отырысынан соң Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
-
Қарағандыда екі көлік мұз үстінен өту кезінде суға батып кетті
Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Ғ.Мұстафин кентінде Нұра өзеніндегі мұз үстімен өту кезінде 2 көлік суға батып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Желдібай: Қазақстан мен Ресей "үштік газ одағын" құру мәселесін қарастырды
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
-
Мәулен Әшімбаев: Сот тәуелсіз әрі ашық болмаса, заң үстемдігі орнамайды
Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елордада «Мың бала» республикалық жобасына қатысушылар марапатталды
Астанада «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасына қатысушылар марапатталды, деп хабарлады BAQ.KZ.
-
Павлодардан Екібастұз қаласына мамандар жіберілді
Павлодарлық мамадар Екібастұз қаласындағы жөндеу жұмыстарына араласады, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қостанай тұрғынынан 14 келі марихуана тәркіленді
Қостанай облысының полицейлері тұрғыннан 14 келі марихуана тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқықтары қорғалады – Үкімет басшысы
Тұжырымдама көші-қон процестерін барынша тиімді реттеу үшін әзірленді. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
-
Қандастарға елімізде өз кәсібін жүргізуге мүмкіндік беріледі - Дүйсенова
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президенттік олимпиада жүлдегерлері ЖОО-да оқуға грант алады
Жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңіне 192 оқушы қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Жайлы мектеп» жобасына 2,6 трлн теңге бөлінеді – Смайылов
2023-2025 жылдары елімізде 401 жайлы мектеп салу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
-
Қоқыс сұрыптау зауыты және BASQA brand – ақмолалық мектеп оқушылары бизнес жобаларын ұсынды
Ақмола облысының жас кәсіпкерлері "Табысты старт"байқауында өздерінің бизнес-жобаларын қорғап, өзара бақ сынасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Аймағамбетов үшауысымды мектептердің мәселесін қалай шешетінін айтты
Оқу-ағарту министрі апатты, үшауысымды мектептер мен оқушы орнының тапшылығын жоюға бағытталған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандықтар Өзбекстанда тіркеусіз 30 күнге дейін бола алады
Қазақстан мен Өзбекстан Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
«Екібастұзжылуэнерго» қожайыны депутаттар сауалына жауап берді
Екібастұз қаласындағы штабтың жиынына «Екібастұзжылуэнергоның» қожайыны Александр Клебанов қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ӘЧ-2022. Доп диагнозы немесе Есейдің есебі
Қатарда сырасыз футбол қарай алмайтын мексикалықтар мен азшылық топты қолдамай жүре алмайтын еуропалықтардың басын біріктірген өзгеше чемпионат өтіп жатыр. Ойынынан бөлек, ерекшелігі туралы журналис, белгілі спорт комментаторы Есей Жеңісұлынан сұрап білдік, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
-
Екібастұзда жылу беруді қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру керек – Смайылов
Екібастұз қаласында жылу беруді қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру керек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
-
29 қарашаға арналған валюта бағамы
Ұлттық банктің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, деп хабарлады BAQ.KZ.
-
Қарағандыда сүйек тінінің жеке банкі құрылған
Профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы Қарағанды көпсалалы ауруханасының хирургтары жылына 200-ге дейін ота жасайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды
4 мыңнан астам адам магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.
-
Смайылов «АрселорМиттал Теміртау» басшысынан жағдайды түзету үшін түбегейлі шаралар қабылдауды талап етті
Әлихан Смайылов «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы елеулі кемшіліктерін атап көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордадан 300 мың текше метрге жуық қар шығарылды
Қыстың басынан бері елордадан 300 мың текше метрге жуық қар шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде өткен тәулікте 85 адам коронавирус жұқтырған
Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте Қазақстанда 85 адамның коронавирус жұқтырғанын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Көмір еліміздегі ең қажетті тауарлар тізіміне енгізілмек
Сауда және интеграция министрлігі ең қажетті тауарлар тізіміне толықтырулар дайындады, деп хабарлады BAQ.KZ.
-
Аяз, көктайғақ: Бүгінгі ауа райы болжамы
«Қазгидромет» синоптиктері 29 қарашаға жасалған күн райы болжамын жарилады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін Абай облысында оқушылар мен колледждердің студенттері қашықтан оқиды
29 қарашада Абай облысында мектеп оқушылары мен колледждердің 1,2 курс студенттері онлайн форматта оқиды, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы әкімдігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
-
Тоқаев ресми сапармен Францияға барды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәләмдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қонаевта браконьерлерден мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді
Қонаев қаласының шетінде браконьерлерден мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Жетісу облысында асыл тұқымды ірі қара саны 20% артты
Жетісу облысында асыл тұқымды мал саны ұлғайып келеді. Жалпы өңірде мал шаруашылығы бағытында 2561 шаруашылық тіркелген, олардағы ірі қара саны жарты миллионға жетеді, соның ішінде асыл тұқымды малдың үлесі 20,2% немесе 108,2 басқа көбейген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Литвада Қазақстандағы президенттік сайлау қорытындылары талқыланды
Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Литваның сарапшыларымен кездесу өткізіп, оның барысында Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау нәтижелері және саяси реформалардың жүзеге асырылуы талқыланды.
Қазақстандық дипломат еліміздегі саяси және экономикалық өзгерістерге ұйытқы болған ағымдағы жылғы оқиғалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Литва тарапының назарына еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі оқиғалар хронологиясы, атап айтқанда ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы референдумның өткізілуі, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында ұсынған бастамалары, сондай-ақ мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа моделін қалыптастыруға мүмкіндік берген және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтетін алты маңызды заңның қабылдануы ұсынылды.
В.Темірбаевтың пікірінше, маусымдағы референдумнан кейін жаңа мандат алу және реформалар қарқынын сақтау үшін қажетті кезектен тыс президенттік сайлауды өткізу жедел және терең трансформацияның қисынды жалғасы болды.
Литвадан келген байқаушылар тобының мүшесі, Сеймнің Экономикалық комитетінің төрағасы Казис Старкевичюс дауыс беру барысын жоғары бағалады. Оның айтуынша, ол халықаралық стандарттарға сәйкес, ашық және еркін сайлау қағидаттарына сай өтті. Литвалық депутат Қазақстандағы дауыс беруді дайындау мен өткізу процесінің өзі бірнеше рет байқаушы ретінде қатысқан Еуропа елдеріндегі сайлаумен ұқсастығын атап өтті.
-
Алматыда климаттың өзгеруі мәселесі талқыланды
Алматыда сарапшылардың қатысуымен «Орталық Азиядағы климаттық өзгерістердің әсерін ескеріп, төмен көміртекті дамуға арналған өңірлік ынтымақтастық» атты екінші форум өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Таразда 1 желтоқсаннан бастап «Сергек» жүйесі іске қосылады
Жамбыл облысының орталығында биыл 1-ші желтоқсаннан бастап, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамассыз ететін «Сергек» жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақфильм Қазақстандағы жаппай жекешелендіру туралы толықметражды фильм түсіріп жатыр
«Әбіл» атты жұмыс атауымен жаңа картинаның түсірілімі ағымдағы жылдың қазан айының ортасында басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада апатқа байланысты 230-дан астам үй газсыз қалды
Астанада Көктал-1 шағын ауданының тұрғындары газсыз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясына сілтеме жасап.
Наверх