Әшімбаев: Қалыпты жұмыс істемейтін ЖЭО-ларды мемлекет меншігіне қайтару қарастырылады

29 Қараша 2022, 15:01
828
Бөлісу:
Әшімбаев: Қалыпты жұмыс істемейтін ЖЭО-ларды мемлекет меншігіне қайтару қарастырылады
Фото: автордан

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Стратегиялық нысандарды (ЖЭО нысандары – ред.) мемлекет меншігіне қайтаруға қатысты мәселелер қарастырылып жатыр. Бұл жерде барлық жағдай үшін бірыңғай шешім жоқ, қандай да бір аймақтарда жауапты инвесторлар болуы мүмкін. Егер олар барлығын дұрыс жасаса, дер кезінде жөндеу жұмыстарын жүргізсе, өз міндеттерін орындаса, әлеуметтік және экологиялық нормативтерді сақтаса, олар жұмыс істей алады деп ойлаймын. Бірақ проблема бар немесе сондай сигналдар болған, ЖЭО қалыпты режімде жұмыс істеуі үшін қожайындары жұмыс істемейтін нысандарға келетін болсақ, оларды мемлекетке қайтару мүмкіндігі туралы мәселе қарастырылатын болады, - деді Мәулен Әшімбаев сот жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланған дөңгелек үстелден соң Сенаттың кулуарында берген сұхбатында. 

Айтуынша, бәрі еліміздің заңнамасына сәйкес болады.

Үкімет ықтимал тәуекел аймақтарын, мәселелер бар жерлерді қарастыратын болады. Әрі қарай бұл мәселелер жиынтықталып, нақтыланып қарастырылады. Егер ол үшін мемлекетке мұндай нысандарды алу мәселесін жеңілдететін жаңа құқықтық нормалар құру қажет болса, біз шұғыл түрде оларды қабылдауға дайынбыз, - деді Сенат спикері. 

Еске сала кетейік, 27 қараша күні Екібастұзда бірнеше қазандық агрегаттары істен шыққан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы