Павлодардан Екібастұз қаласына мамандар жіберілді

29 Қараша 2022, 11:31
1631
Бөлісу:
Павлодардан Екібастұз қаласына мамандар жіберілді
Фото: автордан

Павлодарлық мамадар Екібастұз қаласындағы жөндеу жұмыстарына араласады, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

«Екібастұз жылу энергиясы» кәсіпорны өкілдерінің хабарлауынша, бүгін таңертең «Павлодар жылу желілері» компаниясының мамандары апарт орнына жетті. Басты мақсат – қалыпқа келтіру жұмыстарын тездету.

Мамандар желілерді жылытып, жылумен қамту жүйелерін ретке келтіреді. Сонымен қатар, жөндеу бригадаларының жұмысын үйлестірумен айналысады. 29 қараша күнгі сағат 6.39-дағы мәліметтер бойынша жылумен жабдықтау параметрлері 85/57 градус, - деп хабарлады жауапты мамандар.

Қазіргі уақытта қалыпқа келтіру жұмыстарына 142 тәжірибелі маман жұмылдырылған. Сонымен қатар, алдағы уақытта Астана, Петропавл және Қарағандыдан бір топ маман келеді деп күтіліп отыр.  Бүгінгі таңда шаһардағы екі орта білім беру мектебінде 150 орындық жылыту орны бар. Мамандар ыстық тамақпен қамтылған. 

Айта кетейік, төтенше жағдайға байланысты қиын жағдайдағы тұрғындарға көмектесу үшін гуманитарлық көмек жиналып жатыр. Кеше «AMANAT» партиясының өкілдері жылусыз қалған азаматтарға 1000-нан астам жылытқыш құралдары, көрпелер мен басқа да заттарды жеткізіп берді.

Еске сала кетсек, Екібастұз қаласының жылу желілерінде 20-дан астам ақау анықталып, 130-дан астам көпқабатты үй жылусыз қалған. Қазіргі уақытта 17 нысан жылусыз отыр. 

Өзгелердің жаңалығы