Өскеменде коммуналдық қызметкерлердің айлығы өседі

29 Қараша 2022, 23:13
753
Бөлісу:
Өскеменде коммуналдық қызметкерлердің айлығы өседі

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Таза Өскемен кәсіпорынның қала көшелері мен жолдарды күтіп ұстауға тікелей қатысатын барлық қызметкерлердің еңбекақысы өседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Өсім қазіргі жалақының 30 пайызына дейінгі мөлшерді құрайды. Мекеме қызметкерлері төтенше жағдайда да, қалың қар, сақылдаған аязда да қаланың қалыпты тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудегі өздеріне артылған міндетті толық орындап жатыр. @tazaoskemen  кәсіпорын ұжымына алғысымды білдіремін, - деп жазды қала әкімі.

Өзгелердің жаңалығы