Жеңілдетілген автонесиеге электронды кезек желтоқсанда ашылады

29 Қараша 2022, 13:10
1009
Бөлісу:
Жеңілдетілген автонесиеге электронды кезек желтоқсанда ашылады

Биыл желтоқсан айында жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша электронды кезек іске қосылуы мүмкін, деп хабарлады BAQ.KZ.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне қарағанда, электронды кезек беру платформасы тестілеудің соңғы кезеңінде тұр. Келесі айда іске қосылуы жоспарланып отыр.

Бұл өтініш берушіге өтінімді электронды ресурста жіберіп, кейіннен қарыз берілген сәтке дейін ағымдағы мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ электронды кезекке сәтті қойылған жағдайда өтініш беруші бағдарламаға қатысушы кез келген банкке жүгінуге құқылы, ол қарыздың мақұлданғанын растайды.

Электронды кезекке қою ай сайын автонесие беруге өтінімдерді тіркейтін платформада жүргізіледі, – деп мәлім етті ведомстводан.

Бағдарлама шарттарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесі – 4%, несиелеу сомасы – 10 млн теңгеден аспайды, мерзімі – жеті жылға дейін, бастапқы жарнасыз, автокөлік құны – 15 млн теңгеге дейін.

Өзгелердің жаңалығы