Қонаевта браконьерлерден мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді

29 Қараша 2022, 06:26
1128
Бөлісу:
Қонаевта браконьерлерден мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді

Қонаев қаласының шетінде браконьерлерден мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ішкі істер органдары браконьерлікпен, биологиялық ресурстар объектілерінің ел аумағындағы заңсыз айналымымен күресу үшін бір ай ішінде “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. 

Бұл шараның мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасын бұзушыларды анықтау және табиғатты заңсыз пайдалану фактілеріннің жолын кесу. Операция барысында заңсыз өндірілген объектілер мен биоресурс өнімдерін – мүйіз, ет, тері және өткізу, сату орындарын, сондай-ақ олардың заңсыз айналымымен айналысатын адамдарды анықтауға айырықша назар аударылды. Іс-шараны өткізу барысында полиция сегіз мыңнан астам орман, аңшылық және балық шаруашылығы нысандарын тексеріп шықты. 

Табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 3664 фактісі анықталды, оның ішінде 117 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Мысалы, Алматы облысының әкімшілік орталығында полиция жабайы жануарлардың дериваттарын сату фактісін анықтады. Қонаев қаласының шетінде Subaru көлігі тоқтатылды Полиция көлік ішінен 953 ақбөкен мүйізі бар алты жәшік, бір тегіс ұңғылы жартылай автоматты мылтық, оның 18 оқ-дәрісі және пышақ тауып алып, тәркіледі. Бұл факт ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша тіркелді. Күдіктілерге қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы