«Екібастұзжылуэнерго» қожайыны депутаттар сауалына жауап берді

29 Қараша 2022, 10:25
835
Бөлісу:
«Екібастұзжылуэнерго» қожайыны депутаттар сауалына жауап берді

Екібастұз қаласындағы штабтың жиынына «Екібастұзжылуэнергоның» қожайыны Александр Клебанов қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 

Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан жазды. 

Александр Клебанов – Қазақстандағы аса ірі дәулеті асқан 50 алпауыттың бірі. Биылғы жылдың есебі бойынша Клебановтың байлығы – 580 млн доллар. Құрамына «Павлодарэнерго» компаниясы кіретін «ЦАТЭК» АҚ-ның қожайыны. Зайыбы - Дарья Клебанова, Қазақстанның ақпараттық кеңістігіндегі ірі магнаттардың бірі. 

Естеріңізде болса бұған дейін Қызылжардағы Жылу электр станциясында үлкен апат болып, бір жұмыскер қайтыс болған. Ол апат та осы тұлғаның иелігіндегі компанияда орын алған, - деп жазды ол.

Клебановқа бірнеше сұрақ қойылды.

Журналистердің қатысуымен өткен жиында әріптесім Ерлан Сайыров орын алған апат төңірегінде Клебановқа қаржылық, моральдық жауапкершілікке қатысты бірнеше сауал қойған.

"Біздің меншігімізге өткен 2007 жылдан бері мен осы ТЭЦ-тан бір тиын пайда көргем жоқ, керісінше 17 млрд. теңге шығында отырмын… Қажет болса 1 тиынға қайтадан мемлекетке өткізуге дайынмын" деді станция қожайыны.

Сонда осыншама ауыр жағдайлар орын алған, сіздің иелігіңіздегі серіктестікте бір емес екінші мәрте апат орын алып отырған кезде ТЭЦ-ті бір тиынға мемлекет меншігіне қайтарып, барлық жауапкершіліктен құтылғыңыз келе ме?” - деген әріптесімнің қосымша сұрағына, "арнайы комиссия құрылып, жағдайдың жан-жақты, егжей-тегжейлі тергеп-тексерілуіне мен де мүдделімін, - деді Александр Клебанов.

Өзгелердің жаңалығы