Үкімет отырысынан соң Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова елімізде 100 мың ресейлік бар екенні айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Алайда біз күн сайын алмасатын шұғыл деректер бойынша 400 мыңнан аса ресейлік (Қазақстанға – автор) келді. 323 мың ресейлік елден кетті. Әзірше, шамамен 100 мың ресейлік осында жүр. Енді еңбек мигранттарына тоқталайын. Өткен жылдарды қосқанда 22 мың ресейлік Қазақстанда жұмыс істеп жүр. Олар зейнетақы жарнасын аударады, - деді ведомства басшысы.