Литвада Қазақстандағы президенттік сайлау қорытындылары талқыланды

29 Қараша 2022, 04:19
826
Бөлісу:
Литвада Қазақстандағы президенттік сайлау қорытындылары талқыланды

Қазақстан елшісі Виктор Темірбаев Литваның сарапшыларымен кездесу өткізіп, оның барысында Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау нәтижелері және саяси реформалардың жүзеге асырылуы талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық дипломат еліміздегі саяси және экономикалық өзгерістерге ұйытқы болған ағымдағы жылғы оқиғалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Литва тарапының назарына еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі оқиғалар хронологиясы, атап айтқанда  ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы референдумның өткізілуі, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында ұсынған бастамалары, сондай-ақ мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа моделін қалыптастыруға мүмкіндік берген және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтетін алты маңызды заңның қабылдануы  ұсынылды.

В.Темірбаевтың пікірінше, маусымдағы референдумнан кейін жаңа мандат алу және реформалар қарқынын сақтау үшін қажетті кезектен тыс президенттік сайлауды өткізу жедел және терең трансформацияның қисынды жалғасы болды.

Литвадан келген байқаушылар тобының мүшесі, Сеймнің Экономикалық комитетінің төрағасы Казис Старкевичюс дауыс беру барысын жоғары бағалады. Оның айтуынша, ол халықаралық стандарттарға сәйкес, ашық және еркін сайлау қағидаттарына сай өтті. Литвалық депутат Қазақстандағы дауыс беруді дайындау мен өткізу процесінің өзі бірнеше рет байқаушы ретінде қатысқан Еуропа елдеріндегі сайлаумен ұқсастығын атап өтті.  

Өзгелердің жаңалығы