Смайылов «АрселорМиттал Теміртау» басшысынан жағдайды түзету үшін түбегейлі шаралар қабылдауды талап етті

29 Қараша 2022, 09:17
1208
Бөлісу:
Смайылов «АрселорМиттал Теміртау» басшысынан жағдайды түзету үшін түбегейлі шаралар қабылдауды талап етті

Әлихан Смайылов «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы елеулі кемшіліктерін атап көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Премьер-министр Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының ТМД бойынша вице-президенті Виджай Гоялмен және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наирмен кездесті.

Әлихан Смайылов кәсіпорын басшылығының назарын жұмыскерлердің өлімі мен жарақаттануына әкеп соқтырып жатқан өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы елеулі кемшіліктерге аударды. Сондай-ақ комбинаттың экологияға келтіретін зардабы туралы және өндірісті жаңғыртуға бағытталатын инвестициялар көлемінің жеткіліксіз екенін айтты.

Премьер-министр жағдайды түзету үшін түбегейлі шаралар қабылдауды талап етті.

Өз кезегінде Виджай Гоял «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысшыларының өліміне әкелген жуырдағы төтенше жағдайға байланысты өкінішін білдірді. Ол жағдайды жеке өзі қарастырып, түйткілді мәселелерді шешу мақсатында қосымша шаралар пакетін әзірлеу үшін Қазақстанға арнайы келгенін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-Министр компания міндеттемелерінің орындаулы Үкіметтің ерекше бақылауында болатынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы