Аймағамбетов үшауысымды мектептердің мәселесін қалай шешетінін айтты

29 Қараша 2022, 10:36
868
Бөлісу:
Аймағамбетов үшауысымды мектептердің мәселесін қалай шешетінін айтты

Оқу-ағарту министрі апатты, үшауысымды мектептер мен оқушы орнының тапшылығын жоюға бағытталған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 842 мың оқушы орны ашылады. Жаңа мектептер үшін құрылыс пен құрал-жабдықтың бірыңғай стандартын қолдану жоспарланып отыр. Жаңа мектептер пән кабинеттерімен және зертханалармен жабдықталады, 1-4-сынып оқушылары мен 5-11-сынып оқушылары үшін жеке блоктар болады. Жаңа жайлы мектептер оқу жабдықтары мен инвентарларының толық жиынтығымен, эргономикалық жиһаздармен және жаңа оқу кабинеттерімен қамтамасыз етіледі, - деді Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында. 

Министрдің мәлімдеуінше, жаңа мектептерде оқушыларға, оның ішінде спортпен шұғылдануға, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасалады.

Әр мектепте қыздар мен ұлдарды еңбекке баулу үшін шеберханалар мен студиялар ашылады. Осы және басқа да жаңалықтар балалардың машықтары мен біліктерін жан-жақты дамытуға бағытталған.Құрылыс кезінде ашықтық қамтамасыз етіледі. Дәлірек, еліміздің кез келген азаматы интерактивті карта арқылы құрылыс барысын, сондай-ақ IP-камера арқылы онлайн режимде бақылап, мектептің тиісті құжаттарымен таныса алады. Жаңадан пайдалануға берілетін мектептерге білім беру жұмыстарын жүргізетін 40 мыңға жуық қызметкер қажет болады. Мектептер құрылысы басталғаннан бастап мектеп директорларын алдын ала тағайындау тәжірибесі қолданылады. Оларға басқару және көшбасшылық бойынша арнайы курстар ұйымдастырылады, - дейді Оқу-ағарту министрі. 

Өзгелердің жаңалығы