Мәулен Әшімбаев: Сот тәуелсіз әрі ашық болмаса, заң үстемдігі орнамайды

29 Қараша 2022, 11:40
944
Бөлісу:
Мәулен Әшімбаев: Сот тәуелсіз әрі ашық болмаса, заң үстемдігі орнамайды

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айта кетерлігі, Сенатта «Сот жүйесін реформалауды заңнамалық қамтамасыз ету» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысында еліміздегі сот жүйесін реформалауды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселесін талқыланып жатыр.

Қоғамда осы саладағы өзгерістерге деген сұраныс жоғары екені белгілі. Мемлекет басшысы наурыз айындағы Жолдауында барлық деңгейдегі соттар, шын мәнінде, тәуелсіз, ашық және кәсіби болмаса, заң үстемдігін қамтамасыз ету мүмкін емес екенін айрықша атап өтті. Соңғы уақытта бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылды. Дегенмен шешімін таппаған мәселелер де аз емес, - деп атап өтті Сенат спикері. 

Айтуынша, Президент өзінің сайлауалды бағдарламасында объективті және тәуелсіз сот әділетті мемлекеттің негізі екенін атап көрсетті.

Президентіміздің тапсырмасына сәйкес Сенат жанынан сот жүйесін жетілдіруге арналған бастамаларды пысықтау жөнінде жұмыс тобы құрылған болатын. Оның құрамында Жоғарғы Соттың, мемлекеттік органдардың, және қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар бар. Жұмыс тобына реформалар аясында нақты тетіктерді әзірлеу және тиісті заң жобасын дайындау міндеті жүктелді, - деді Мәулен Әшімбаев. 

Өзгелердің жаңалығы