Енді азаматтық алғысы келетіндер қазақ тілін білуге міндетті болады – ІІМ

29 Қараша 2022, 12:52
1428
Бөлісу:
Енді азаматтық алғысы келетіндер қазақ тілін білуге міндетті болады – ІІМ

Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Министр Қазақстанның азаматтық туралы жетілдірілген заңнамасын түсіндірді.

Қазақстанның азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді, біздің тарихымыз бен Конституциямызды қарапайым деңгейде білуге міндетті болады, - деді ол. 

Сондай-ақ министр шетелдік Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін 6 ай ішінде бұрынғы елдің азаматтығын тоқтататыны туралы анықтама ұсынбаса, онда ол адамға қатысты азаматтық жойылады. Алайда қазір мұндай шаралар заңда қарастырылмаған.

Екіншіден, қос азаматтық фактілеріне жауаптылықты қатаңдату көзделіп отыр. Егер Қазақстан азаматының жеке басын растайтын құжаттар алғаннан кейін қандай да бір адам басқа елдің азаматтығын растайтын құжатты пайдаланса, көші-қон қызметі ол адамды Қазақстан азаматтығынан айырады, - деді Ахметжанов Үкімет отырысында.

Өзгелердің жаңалығы