Зейнетақы жинағының шекті мөлшерін төмендету мәселесі қаралады – министр

29 Қараша 2022, 12:05
874
Бөлісу:
Зейнетақы жинағының шекті мөлшерін төмендету мәселесі қаралады – министр

Бұл туралы Үкімет отырысынан соң Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.  

Айтуынша, қазақстандықтар үшін зейнетақы жинағының шекті мөлшерін төмендету мәселесі жұмыс тобында қаралады.

Былтыр зейнетақы жинағын пайдалану шегі белгіленген. Бұл ақшаны халық емделуге және баспана жағдайын жақсартуға пайдалана алды. Қазіргі таңда да сол формула жұмыс істейді. Тек пайдалану шегі көтерілді. Өйткені, бұл минималды еңбекақы мөлшерінің деңгейінен туындап отыр. Мен ондай ұсыныстарды естідім. Бұл мәселе бойынша қазір жұмыс тобы Ұлттық банкпен, Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігімен бірге жұмыс істеп жатыр. Сондықтан біз мұны жұмыс тобында қарайтын шығармыз, - деді министр. 

Өзгелердің жаңалығы