Елордадан 300 мың текше метрге жуық қар шығарылды

29 Қараша 2022, 09:03
540
Бөлісу:
Елордадан 300 мың текше метрге жуық қар шығарылды

Қыстың басынан бері елордадан 300 мың текше метрге жуық қар шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соңғы күндері елордада жауын-шашын көп жауды. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 22,5 мыңнан астам жүк көлігіне тең қар шығарылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Дүйсенбі, 28 қарашада елордада қар тазалау жұмыстарына 2,2 мыңнан астам жол жұмысшысы және мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

27-28 қарашаға қараған түні қаладан шамамен 16 мың текше метр қар немесе 1297 жүк көлігі шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына барлығы 300 мың текше метр қар шығарылды, бұл 22,5 мың ауыр жүк көлеміне тең.

Өзгелердің жаңалығы