Все новости за 17 сәуір 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Мемқызметтің 80%-ын egov.kz арқылы алуға болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу және оқшаулану шараларын күшейту мақсатында Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын уақытша тоқтатты.
-
Төтенше жағдай. Азаматтар мен экономиканы қолдауға қанша қаражат бөлінеді
Төтенше жағдай кезінде азаматтар мен экономиканы қолдауға үш бағыт бойынша қосымша шығыстар қарастырылған.
-
Бағаны ұстап тұрудың тиісті тетігі бар — Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.
-
Елімізге Оңтүстік Кореядан 1000 дана медициналық тест әкелінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Корея COVID-19 анықтауға арналған ПТР-тестер партиясын жеткізді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
42 500 теңге. Әлеуметтік төлемге әлеуметтік салық салына ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі төтенше жағдайдың орын алуына байланысты кірісін жоғалтқан азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жаңа әлеуметтік төлем тағайындалған.
-
Індет жұқтырғандар саны 1500-ден асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 48 адам тіркелді. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
-
Көлгінов: Елбасы Үндеуі бірлігімізді арттыра түсті
9725 әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыға азық-түлік себеті жеткізілді.
-
Түркі академиясының кітапханасын онлайн оқуға болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық Түркі академиясы шығарған кітаптарды онлайн режимде еркін оқуға болады.
-
Мемлекеттік аппарат жұмысының жаңа форматы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметшілерді қашықтықтағы жұмысқа ауыстыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында Ақмола облысында тиісті жұмыстар жүргізілді.
-
Жамбыл облысында анасы мен баласы індеттен айықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының үш тұрғыны коронавирустан емделіп шықты. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлімдеді.
-
Қашықтан оқыту. Ұстаздың да, оқушының да білімін жетілдіруге мүмкіндіктері бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Youtube әлеуметтік желісінде қашықтан оқыту жүйесіндегі өзекті мәселелер талқыға салынған онлайн конференция өтті.
-
Түркістанда luxary үлгісінде жаңа серуен сарайы бой көтереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәні мен салтанаты келіскен шығыс променады, яғни, серуен алқабы ұлттық ерекшелік пен заманауи мәдениеттің көркем келбетін ұштастырады.
-
"Қандыағаш – Мақат" тасжолының жартысы пайдалануға беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қандыағаш – Мақат" (160-504 км) ауқымды жобасы инфрақұрылымды дамытудың "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылуда.
-
Қашықтан оқыту. Студенттер алдын ала дайын болды
Сонымен қатар, конференцияда қашықтан оқу жүйелері туралы сөз қозғалды.
-
42 500 теңге: Шын мұқтаждарға үлкен көмек болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет тарапынан беріліп жатқан әлеуметтік көмек алған қазақстандықтар пікір білдірді.
-
Карантин талабы күшейгенмен қаулыға құлақ аспайтындар бар
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау қаласы карантинге жабылғалы 29 мыңнан астам көлік қалаға кіріп-шыққан.
-
Коронавирусты емдеуге қандай дәрілер көмектеседі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. SARS-CoV2 коронавирусы таратқан COVID-19 індетін емдеудің түрлі жолдары ұсынылып жатыр. Жазылып шыққандар көп, бір қарағанда емдеу тәсілі жағымды әсер етіп жатқанға ұқсайды.
-
Абель Санчес "Канело" мен GGG арасындағы үшінші жекпе-жек жайлы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаттықтырушы Абель Санчес бұрынғы шәкірті Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында өтуі мүмкін үшінші жекпе-жек жайлы айтты, деп жазады Prosports.kz.
-
Тағы 210 отбасы "Birgemiz" қорынан көмек алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Birgemiz" қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің отырысында төтенше жағдай кезінде тұрғындардың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына одан әрі көмек көрсету тетіктері талқыланды.
-
Сағынтаев Президентке коронавируспен қалай күресіп жатқанын айтты
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Сағынтаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаладағы коронавирус инфекциясымен күрес тұрғысында атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.
-
Шулы видеодан кейін Алматы Криминалды полиция басшысы жұмыстан кетті
Алматы, BAQ.KZ. Қызметтік тексерістен кейін Алматы Криминалды полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин жұмысынан шеттетілді. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Карантин қашанға дейін созылады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетовадан тілшілер карантин қашанға дейін созылатынын сұрады.
-
Атырауда 41 діни бірлестік қызметін тоқтатты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 мамырға дейін созылған карантинге байланысты діни бірлестіктер "онлайн" режиміне ауысты, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабы.
-
Сапарбаев Тоқаевқа телефон арқылы есеп берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен телефон арқылы сөйлесті.
-
Ақмолада 7 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақмола облысында 7 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
-
Қостанайда жылына 100 мыңнан астам бұйым шығаратын фабрика бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай фабрикасы жылына күрткелер, белсенді демалысқа арналған киімдер мен мектеп формалары секілді 100 мыңнан астам бұйым шығарады.
-
Батыс Қазақстанда тіркелген науқастар Ресейден келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Науқастардың бірі 22 жастағы Батыс Қазақстан облысының, екіншісі 23 жастағы Ақтөбе облысының тұрғыны, деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
-
Көршілермен әңгімелесуді азайтыңыздар - бас санитар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова көршілермен байланыс кезінде коронавирус жұқтырып жатқандар бар екенін айтты.
-
Азық-түлік қауіпсіздігін тексеретін арнайы топтар бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" үшін негізгі мәселе бағаны тұрақтандыру болғанымен, аудандық әкімдіктер тарапынан жүргізілетін бақылау жұмыстары да басты назарда.
-
Нанның ішінен "nokia" шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тергеу абақтысында отырған танысына тыйым салынған затты жасырын өткізбек болған азаматтың ісі әшкере болды.
-
Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Коронавирус: 34 адам індеттен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 34 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
-
Коронавирус жұқтырған тағы 18 жағдай тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы коронавирус бойынша 17 сәуір 18:25-тегі эпидемиологиялық жағдай туралы хабарланды.
-
42 500 теңге: Әлеуметтік көмек алған қазақстандықтардың пікірі қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жәрдемақы беру туралы шешім қабылданды. Осы орайда, әлеуметтік көмекке қол жеткізген азаматтар мемлекеттік қолдауға қатысты өз ойларын білдірді.
-
Алматыда азық-түлік бағасын тұрақтандыруға 5 млрд теңге бөлінген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы өткен өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтылды.
-
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
АЕК өсуі жәрдемақы мөлшеріне қалай әсер етті?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш және ең төменгі күнкөріс деңгейінің артуына байланысты мүгедектік бойынша жәрдемақы қайта есептелді. Ал мүгедектігі бар адамдардың мүгедектігін куәландыру мерзімі автоматты түрде ұзартылды. Толығырақ ақпарат инфографика түрінде көрсетілген.
-
Шығыс Қазақстанның мемлекеттік мұрағатына 80 жыл толды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. 1,4 миллионнан астам материал сақталған облыстық мемлекеттік мұрағаттың іргесі қаланғанына биыл 80 жыл толды.
-
Алматыда карантин кезінде қай сала зардап шеккені белгілі болды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда карантин кезінде бәрінен көтерме және бөлшек сауда саласы көп зардап шекті. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин брифинг барысында айтты.
-
Рамазан айы: Ораза кестесі жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы Рамазан айы 24 сәуірден басталады. Сіздердің назарларыңызға muftyat.kz сайтында жарияланған Нұр-Сұлтан қаласының Ораза кестесін ұсынамыз.
-
Карантин аумағы. Еріктілер 48 сағаттан қызмет етуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде COVID-19 індетін жұқтырғандарды емдеп жатқан медицина қызметкерлерімен тең дәрежеде күресіп жүрген тағы бір топ жан бар. Олар ел басына күн туған шақта халыққа қол ұшын беруде суырылып алға шыққан еріктілер тобы.
-
Карантин кезінде жұмыс істейтін мекемелер бақылауға алынады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Наталья Дягилева брифинг барысында айтты.
-
Рамазан айы: Пітір садақаны мобильді қосымша арқылы аударуға болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Рамазан айында берілетін пітір садақасы мен зекетті kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы аударуға болады.
-
Қашықтан оқыту. Екі аптада 700-ден астам бейнесабақ өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Төтенше жағдай кезіндегі қашықтан оқыту жүйесінің екінші аптасы өз мәресіне жетті. Екі аптаның ішінде теледидар арқылы оқушыларға 700-ден астам бейне сабақ көрсетілді.
-
АШМ: Сәуірде көкөніс экспортына 500 сертификат бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәбіз, пияз, орамжапырақ экспортына арналған фитосанитариялық сертификаттар штатты режимде берілуде, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметі.⠀
-
"Bek Air" сертификаттарынан айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі "Bek Air" АҚ-ның пайдаланушы және әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификаттарын қайтарып алды.
-
Ақтөбеде уақытша ұстау изоляторында отырған адамнан COVID-19 анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде COVID-19 диагнозы 1984 жылғы ер адамда және 11 және 5 жастағы балаларда, сондай-ақ 32 жастағы әйелде расталды.
-
Дайын болуымыз керек: Карантиннен кейін де өмір бар – экономист
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирус қалыпты өмірді бұзып, әлем экономикасын титықтатып жіберді. Соңғы бір ай көлемі Қазақстан үшін де оңай болмай тұр.
-
Карантин кезінде баланың туылуына байланысты 30 мың жәрдемақы рәсімделді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда төтенше жағдайға байланысты ХҚКО жұмысы уақытша тоқтатылғалы бері 10 мыңнан астам әйел жүктілік және босануына байланысты табысынан айырылу төлемін, 20 мың отбасы баланың туылуына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне берілетін жәрдемақыны онлайн рәсімдеген.
-
Алматыда 300 мыңға жуық адам табыссыз қалды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өнеркәсіптік кәсіпорындар мен құрылыс компаниялары басшыларымен 20 сәуірден бастап жұмысты қайта жандандыру мәселелерін талқылады.
-
Коронавирус: Жазылып шыққандар саны 306-ға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарланды coronavirus2020.kz сайтында.
-
"Жолдағы қабылдау" акциясы жаңа форматтағы жұмысын бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицияның "Жолдағы қабылдау" акциясы карантин жағдайында өткізіледі, деп хабарлады Polisia.kz.
-
"Болашақ" стипендиясына үміткерлерді іріктеу барысы өзгереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрлігінің "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ бағдарламаның іске асырылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бойынша ҚР Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау қағидаларына едәуір өзгерістер әзірледі, деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.
-
Елорда әкімдігінде инвестициялық кеңес өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Алтай Көлгіновтің басшылығымен бейне байланыс арқылы инвестиция мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі өтті, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.
-
Шекара қызметінің 54 курсанты індет жұқтырған
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев бирфинг барысында айтты. Оның айтуынша, вирус жұқтырған курсанттардың барлығы қазір бекітілген хаттама бойынша ем-дом қабылдап жатыр.
-
Түркістандық әжелер бетперде таратты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Жетісай ауданындық әжелер алқасы елде болып жатқан жағдайға өз үлестерін қосу мақсатында Жетісай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 700 дана бетпердені тегін табыс етті. Бұл бетперделердің барлығын аудандағы ауылдық округтердегі әжелер тіккен.
-
ШҚО кеншілері ауыл мектебіне музыкалық аппаратура сыйлады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. "Полиметалл" компаниялары құрамындағы Бақыршық тау-кен байыту кәсіпорыны жергілікті мектепке музыкалық аппаратура сыйға тартты.
-
Алматыда вирус жұқтырған медицина қызметкерінің барлығына үстемеақы төленеді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік комиссиясының тәуекел санаттары тізіміне кіретін барлық медицина қызметкерлері жұмыс істеген сағаттар үшін толық көлемде төлемдер алатындығын ресми түрде хабарлаймын. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев бирфинг барысында айтты.
-
Алматыда індет жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны 234 адамға жетті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг өткізіп, науқастардың қазіргі халін баяндады.
-
Тегін берілетін зираттағы орындар сатылып келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жерлеу қызметін көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг барысында мемлекет беретін жер учаскесі сатылып келгені туралы Агенттіктің превенция департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг басқармасы басшысының м.а. Данияр Якупов онлайн брифингте айтты.
-
Ұшақ апаты. МиГ-31 ұшақтары ұшуын тоқтатты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетов МиГ-31 ұшағының құлауына байланысты мәлімдеме жасады.
-
Кәсіпкерлер жыл соңына дейін мүлік салығынан босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында ҚР "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров мәлімдеді.
-
Коронавирус: Тағы 10 адам жұқтырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы коронавирус бойынша 17 сәуір 12:25-тегі эпидемиологиялық жағдай туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.
-
Covid-19 вирусын жұқтырған жүкті әйел өмірге дені сау бала әкелді
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласында Covid-19 вирусын жұқтырған жүкті әйел дені сау бала туды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
-
Төтенше жағдай. Кәсіпкерлерден 32 мыңнан астам өтініш түскен
Сонымен қатар, өтініш білдіргендердің 86 пайызы қаржылық жағдайының төмендеп кеткенін айтқан.
-
Майкл Помпео: Елге кіру-шығудың қазіргі талаптары қайта қаралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ Мемлекеттік департаментінде түрлі елдердің БАҚ өкілдерінің қатысуымен Майкл Помпеоның телефон арқылы брифингі өтті.
-
8 адам қатерлі індетті жеңіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
-
Ақмола облысында 4,9 млн гектар жерге егін егіледі
2020 жылдың егіс науқанында 14,3 мыңнан астам трактор, 16,1 мың тұқым сепкіш және 1,2 мың бірлік өнімділігі жоғары егіс кешендері жұмыс істейтін болады. Қазіргі уақытта техниканың 100% толық дайын.
-
Қарағанды облысында 6 айлық нәрестеден вирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды және Қызылорда облыстарында соңғы тіркелген науқастар жайлы мәлімет.
-
Түркістан қаласында індет жұқтырған адам 10 сәуірде Жетісайда болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласында 1990 жылғы азаматтың COVID-19 инфекциясын жұқтыру жайты расталды.
-
Павлодар облысында індет жұқтырған 2 адамның бірі ешкіммен байланыспаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған екі жаңа оқиға тіркелді. Бұл туралы Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
-
COVID-19. Тегін экспресс-тестін Smart Astana арқылы толтыруға болады
-
Бүгіннен бастап Қостанай облысына карантин режимі енгізілді
Алайда, облыс аумағында енгізілген карантин режимі өңірдегі егіншілік науқанына кедергі келтірмейді.
-
Коронавирустың қандай температурада жойылатыны белгілі болды
Эксперимент барысында коронавирус штаммын стерильді шыны түтікке және биоматериал салынған түтікке салады.
-
Коронавирус індетін жұқтырған 68 науқас тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 68 жағдай тіркелді. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
-
АҚШ барлаушылары коронавирус тарайтынын қараша айында ескерткен
Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың қараша айында АҚШ барлаушылары НАТО мен Израилге коронавирус тарайтыны туралы ескерткен. Алайда Қытайда жұқпалі індет желтоқсан айының соңында тарай бастады.
-
Коронавирус. Әлемде 66 млн бала кедейліктің зардабын шегуі мүмкін
Әсіресе, оқшаулау орталықтарында отырған босқындар мен мигранттардың балалары осал болып келеді.
-
Ауыл кәсіпкерлеріне несиені өтеуге жеңілдіктер беріледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры төтенше жағдай кезінде бизнес иелерінің несие жүктемесін жеңілдету бағытында бірқатар шараларды жүзеге асыруда.
-
Қашықтан оқыту. Онлайн-талқылау өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым вице-министрі "Қашықтан оқыту білім беру жүйесін жетілдіруге жасалған қадам" тақырыбында өтетін пікірталас алаңына қатысады.
-
Бүгін Шымкент қаласында ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 сәуір күнгі Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Жамбылда жедел жәрдем қызметкерлері шағымданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының Жедел медициналық көмек қызметі қызметкерлерінің еңбек жағдайына қатысты шағымы бойынша тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау комитетінің департаменті қызметтік тексеріс жүргізуде.
-
17 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 сәуірде Қазақстанда күн райы ашық, тек еліміздің батысы мен солтүстік-батысында жауын жауады, деп болжайды синоптиктер.
-
Жапонияның үкімет мүшелері жалақыларының бір бөлігін қазынаға қайтарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ мен үкімет мүшелері табыстарының 20-30%-ын қазынаға өз еріктерімен қайтарып жатыр, деп хабарлады ТАСС агенттігі.
-
Павлодарда қылмыс деңгейі төмендеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде ұрлық екі есе, яғни 44,7%-ға, тонау 25%-ға азайса, ал қарақшылық мүлдем болған жоқ, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
-
Қарағандыдағы ұшақ апаты жайлы толық ақпарат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды маңында орын алған апат жайында толық ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.
-
АҚШ ғалымдары: COVID-19 тағы өршуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Гарвард университетінің ғалымдары компьютерлік үлгілеу арқылы COVID-19 инфекциясының алдағы 5 жылда қайта өршу мүмкіндігіне талдау жасады. Зерттеу нәтижесін Science журналы жариялады, деп жазады Massaget.kz.
-
Қызылордада коронавирустан 2 адам емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында 16 сәуірде тағы 2 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
-
Коронавирус індеті Сингапурде де өршіп барады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сингапурде екінші күн қатарынан коронавирусты жұқтырғандар саны шамадан тыс артып келеді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
-
Алматы облысына келушілер саны азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысына карантиннің алғашқы күнінде-ақ келуші адамдар саны азайды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Нұр-Сұлтанда карантинге алынған аумаққа дезинфекция жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 200-ден астам адам Абылай хан - Рысқұлбеков - Мүсірепов - Мұстафин көшелерінің қиылысында карантинге қоршауға алынған аумақта ауқымды дезинфекция жұмыстарын жүргізді.
-
Індет жұқтырғандар саны 1400-ден асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 40 адам тіркелді. Бұл туралы коронавирустың еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
-
Көктемгі егіс үшін 138 мың тонна дизель отыны бөлінді
Сәуірде жеткізуді, сақтауды және оператордың маржасын ескере отырып, баға 1 литр үшін 165 теңгені құрайтын болады (анықтама үшін: Қазақстандағы жанармай құю бекеттеріндегі дизель отынының орташа бағасы шамамен 188 теңге / литр).
Наверх