Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізді

17 Сәуір 2020, 18:40
1504
Бөлісу:
Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Мемлекет басшысы "1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Одан бөлек, Мемлекет басшысы "2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына,  сондай-ақ, "2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы "2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 

Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.


Өзгелердің жаңалығы