АҚШ барлаушылары коронавирус тарайтынын қараша айында ескерткен

17 Сәуір 2020, 09:48
1857
Бөлісу:
АҚШ барлаушылары коронавирус тарайтынын қараша айында ескерткен

Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың қараша айында АҚШ барлаушылары НАТО мен Израилге коронавирус тарайтыны туралы ескерткен. Алайда Қытайда жұқпалі індет желтоқсан айының соңында тарай бастады. Бұл туралы The Times of Israel басылымы жазды.

Аталған басылымның мәліметінше, америкалық барлаушылар қараша айында АҚШ президенті Дональда Трамптың әкімшілігіне, одақтасы НАТО мен Израилге коронавирус жайлы мәліметті тапсырған.

Осыдан кейін Израил шенеуніктері өңірде инфекция тараса қандай шара қолдану қажеттігін талқылаған. Алайда қорғану үшін ешқандай шара қолға алынбады,- деп жазады журналистер.

АҚШ барлаушыларының бұл вирус жайлы алдын ала білгені туралы өткен аптада ABC News телеарнасы хабарлаған еді.

Өзгелердің жаңалығы