17 сәуірге арналған ауа райы болжамы

17 Сәуір 2020, 08:15
1430
Бөлісу:
17 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 сәуірде Қазақстанда күн райы ашық, тек еліміздің батысы мен солтүстік-батысында жауын жауады, деп болжайды синоптиктер. 

Қазгидрометтің мәліметінше, орталығы Қарағанды облысында орналасқан антициклон жотасының әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің батысы мен солтүстік-батысына Финляндия аймағынан циклонның жырасы жылжиды, соған байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады. Кей жердерде тұман, желдің күшеюі, батыста шаңды дауылмен, бұршақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде бұршақ күтіледі, жел түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Түркістан, Қостанай, күндіз Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысында шаңды дауыл соғады. Ақтөбе облысында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында жел 18 м/с күшейеді.
Өзгелердің жаңалығы