Қарағанды облысында 6 айлық нәрестеден вирус анықталды

17 Сәуір 2020, 11:17
1941
Бөлісу:
Қарағанды облысында 6 айлық нәрестеден вирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды және Қызылорда облыстарында соңғы тіркелген науқастар жайлы мәлімет. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі мәлімдеді.

Қарағанды облысында тіркелген 3 науқас жайлы.

Науқастардың бірі - Қарағанды қаласындағы 6 айлық бала. Оның ата-анасы жұқтырғандардың қатарында, жұқпалы госпитальда болған. Бала провизорлық госпитальде болды. Екінші науқас - 41 жастағы Қарағанды тұрғыны. Соның ішінде жақын байланыстар бұрын жұқтырылған. Провизорлық госпитальде болды. Үшінші науқас - 19 жастағы Теміртау тұрғыны. Ол да жұқтырғандармен жақын байланыста болған - делінген ақпаратта.

Қызылорда облысында тіркелген 9 науқас жайлы.

Науқастардың барлығы Жаңақорған ауданының тұрғындары. Ауру жұқтырғандардың үшеуі - 30-53 жас аралығындағы әйел адамдар. Алтауы -  ер адам, олардың арасында ең үлкені 83 жаста. 8 адам коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен байланыста болып жұқтырған. Ал 1 адамның індетті қалай жұқтырғандығы бойынша эпидемиологиялық зерттеу жүргізілуде - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып жатыр.

Павлодар облысында анықталған 2 жағдай туралы және Түркістан қаласында тіркелген бір науқас туралы мына жерден білуге болады.

Өзгелердің жаңалығы