Қызылордада коронавирустан 2 адам емделіп шықты

17 Сәуір 2020, 04:40
1267
Бөлісу:
Қызылордада коронавирустан 2 адам емделіп шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында 16 сәуірде тағы екі адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгінгі күнге дейін облыста тағы 4 адам қатерлі дерттен толық жазылған болатын. Олардың емі толық аяқталды. Екі мәрте тест сынамасы алынды. Осылайша олардың саны 6 адамға жетті.
Сынама нәтижесі теріс нәтиже көрсетті. Науқастар коронавирустан толық жазылды деген қорытынды жасалды. Азаматтар ауруханадан үйлеріне шығарылды. Індетті жеңген 2 науқастың бірі Қызылорда қаласында тұрса, екіншісі Жаңақорған ауданының тұрғыны. Олар алдағы уақытта 14 күн бойы аймақтық дәрігерлер бақылауында болады, – делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда Қызылорда облысында 134 адам аталған инфекциядан емделіп жатыр


Өзгелердің жаңалығы