Алматыда індет жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны 234 адамға жетті

17 Сәуір 2020, 13:22
1056
Бөлісу:
Алматыда індет жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны 234 адамға жетті

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг өткізіп, науқастардың қазіргі халін баяндады.

Оның айтуынша, 17 сәуірде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 461 жағдайы тіркелген. Жаңадан вирус жұқтырғандардың саны 63 адам. Оның ішінде 2004 жылы туған бала да бар. 
Науқастардың қатарында Орталық қалалық клиникалық аурухананың 10 медицина қызметкері бар, №7 қалалық клиникалық аурухананың 2 қызметкері, №12 қалалық емхананың 2 қызметкері, Алматы көпбейінді клиникалық ауруханасының 2 қызметкері және оқшаулау аймағында вирусы бар адаммен байланыста болған 44 адам бар. Олардың 21-де жедел респираторлық инфекциялы пневмония белгілері бар,-деді ол. 

Сонымен қатар, ол қалада COVID-19 диагнозы бар медицина қызметкерлерінің жалпы саны 234 адамды құрағанын жеткізді. 
Оның ішінде Орталық қалалық аурухананың -193, Балалар клиникалық жұқпалы аурлар ауруханасының – 31, №7қалалық клиникалық ауруханасының – 2, Медициналық жедел жәрдем қызметінің – 3, №12 қалалық ауруханасының -3 медицина қызметкері және №11 қалалық  емхана-1, №32- қалалық  емхананың- 1 қызметкері бар,-деді басқарма басшысы.
Қазіргі таңда мегаполистің жұқпалы аурулар стационарында 392 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. 
Бір науқастың жай-күйі өте ауыр. 4-де ауыр, 92 адам орташа ауыр жағдайында. 295 адамның денсаулығы қанағаттанарлық. Провизорлық госпитальдарда – 356 адам бар, оның 18-і бала. Карантиндік оқшаулауда – 422, үй жағдайындағы карантинде 7992 азамат бар,-деді Әбілдаев.


Өзгелердің жаңалығы