Мемқызметтің 80%-ын egov.kz арқылы алуға болады

17 Сәуір 2020, 23:52
1724
Бөлісу:
Мемқызметтің 80%-ын egov.kz арқылы алуға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу және оқшаулану шараларын күшейту мақсатында Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын уақытша тоқтатты.
 

Алайда, өмір жалғасуда және уақыт өте келе мемлекеттік қызметтерді алу қажеттілігі туындайды.

Бүгінгі таңда электронды үкімет неғұрлым мол сұранысқа ие интернет-ресурстар қатарында, өйткені оның көмегімен мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ электронды түрде алуға болады. Бұл айтарлықтай уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтердің 80%-дан астамы egov.kz порталында қолжетімді. Сондай-ақ, кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильдік қосымшасында, eGovKzBot2.0 телеграмм-ботында қолжетімді. Әлеуметтік жәрдемақылар алуға өтінімдерді ресімдеу, азаматтық хал актілерін тіркеу, жеке басын куәландыратын құжаттарды алу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу және т. б. қызметтер үлкен сұранысқа ие.

"Электрондық үкімет" порталы арқылы қызметтер алу үшін азаматтың электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы немесе мобильдік азаматтар базасында тіркелуі тиім. ЭЦҚ болмаса немесе мобильдік азаматтар базасында тіркелмеген жағдайда Портал халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ ЭЦҚ алу мүмкіндігін береді.

ЭЦҚ алу үшін тұлғада келесі заттар болуы тиіс:

қолданыстағы жеке куәліктің түпнұсқасы (Қазақстан Республикасында берілген фотосуреті бар жеке басын куәландыратын құжат);

кіріс SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігі бар ұялы телефон;

веб-камерасы бар жеке компьютер;

Бұдан әрі NCALayer бағдарламалық жасақтамасын орнату қажет. Толық іс-әрекеттер алгоритмі egov.kz порталында жазылған. Сондай-ақ арнайы оқыту бейнежазбасы бар. Бұл бейнежазбаны көру үшін "ЭЦҚ-ны қашықтан алу" бөліміне өту қажет. Бұдан әрі қадамдық нұсқауларды орындау керек.

Өзгелердің жаңалығы