Қашықтан оқыту. Студенттер алдын ала дайын болды

17 Сәуір 2020, 21:19
1765
Бөлісу:
Қашықтан оқыту. Студенттер алдын ала дайын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Төтенше жағдай кезінде қашықтан оқытып жатқан университеттер жайлы UIB халықаралық бизнес университетінің президенті  Дархан Ахмед-Заки онлайн конференцияда баяндап берді. 

Қазіргі таңда біздің университеттер алдыңғы қатарда жұмыс жасауда. Университеттер осыған дейін біршама жұмыстар атқарды. Жалпы қашықтан оқу технологиясы университеттерде 2000 жылдың басынан басталған. Ол жерде министрліктің шешімімен төрт университетке үкім шығарылды. Оларға Қазақ мемлкеттік қыздар университеті, Транспорт және комуникация университеті, Қазақ-Ресей университеті және Қарағанды экономика университеті жатады. 20 жылдың ішінде әр жоғарғы оқу орны  қалыптастырған тәжірибесі көп, - деді спикер. 

Сонымен қатар, конференцияда  қашықтан оқу жүйелері туралы сөз қозғалды. 

Қашықтан оқудың басты міндеті оқу үдерісінің екінші мүмкіндігі. Шетелдік тәжірибелерге қарайтын болсақ, әр университет өз стратегиясында қашықтан оқытудағы өз бағыты бойынша жұмыс жасай бастады. Әр университеттің өзі қолданатын жүйелері де бар. Оларға Univer, canvas және moodle жүйелерін жатқызамыз. Ең басты мәселе жүйе ішіндегі контентті толтыру. Өйткені көпшілік университеттерде өздерінің істеген жұмыстарында инфраструктураны ғана қалыптастырады да контент толтыру оңай деп ойлайды. Алайда, ол ең басты шаруалардың бірі. 2009 жылы осы бағытты алға қою үшін шетелдерде көп оқыдым. Іздендім. Айтарым, қазіргі материалдармен ғана шектеліп қалмау қажет. Болашаққа да дайындап қоюымыз керек. Сонда ғана студенттеріміз нәтижелі білім алып, білікті маман ретінде қалыптаса алады, - деді Дархан Ахмед-Заки.

Қашықтан оқыту жүйесін қалыптастыру үшін әр түрлі видео конференциялар ұйымдастыру қажет. Бұл орайда, ұстаздарымыздың еңбегін айта кеткен жөн. Олар бұрынғы стандартты жүйеге үйреніп қалған. Қазіргі талаптарға қалыптаса алмай жатыр. Сол себепті жүйелерге күнделікті кіріп, студенттерге  күн сайын консультация жүргізіп отырмаса болмайды деп ескертті. 

Сонымен қатар, университет бітірушлерде диплом тапсыру мәселесі қалай болады деген сұраққа жауап берді.

Әр баланың жасаған дипломдық жұмысын белгілі бір тараулар арқылы жүйеге еңгізеді. Сол арқылы бірігіп антиплагиатқа тексертеміз. Одан өткеннен кейін онлайн-семинар арқылы қорғалады. Бәрі дайын болған соң біздің түлекке бір күн беріледі. Соған сәйкес барлық комиссияның адамдары қосылып, тікелей эфирде қорғау жүргізіледі, - деді спикер.  

Осы орайда, студенттердің қашықтан оқыту жүйесіне алдын ала дайын болғандығын айту керек. Себебі күнделікті сабақты осы қашықтан тапсыру арқылы бекітіліп отырды. Яғни, студенттер университетте лекция тыңдап, тапсырмаларды арнайы жүйеде орындап отырғандығын тілге тиек етті.

Өзгелердің жаңалығы